Басты бет / Бокс / ҚАЗАҚСТАНДЫҚ БОКСШЫ БОБЫРЖАН МОМЫНОВ ЕКІ БІРДЕЙ БЕЛБЕУДІҢ ИЕГЕРІ АТАНДЫ

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ БОКСШЫ БОБЫРЖАН МОМЫНОВ ЕКІ БІРДЕЙ БЕЛБЕУДІҢ ИЕГЕРІ АТАНДЫ

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Бобыржан Момынов (8-0, 7 КО) титулдық кездесу өткізді.

Кеше, Ақтөбе қаласында «Tukeshov Boxing Promotions» промоутерлік компаниясының ұйымдастырылуымен өткен бокс кешінің басты жекпе-жегінде, отандасымыз Бобыржан Момынов қарсыласы грузиялық боксшыны екінші раундта техникалық нокутпен жеңіп, жартылай орта салмақта NBA Internatcional және WBC ABCO Continental тұжырымдары бойынша чемпион атанды.

Бұл, Бобыржан Момыновтың кәсіпқой бокстағы тоғызыншы жекпе-жегінде тоғызыншы жеңісі, оның сегізі уақытынан бұрын аяқталған.

Айта кетсек, 25-ші тамыз күні Индианаполис қаласындағы «Tyndall Armory» спорт кешенінде, Бобыржан Момынов қарсыласы жергілікті 37 жастағы боксшы Брайн Тиммонсті (6-9, 5 КО) бірінші раундының екінші минуты аяқталар тұста нокаутпен жеңген болтын.

Сурет: «Bobirzhan_mominov» Instagram парақшасынан

Сондай-ақ

МЕДЕУДЕ ДӘСТҮРЛІ «БАСПАЛДАҚ» ЖАРЫСЫ ӨТЕДІ

Қыркүйектің 23-і күні «Медеу» шатқалындағы селден қорғау бөгетінде «Спорттық Алматы» бағдарламасы аясында дәстүрлі «Баспалдақ-2018» бұқаралық …