Басты бет / Footbalem "ФУТБОЛ ӘЛЕМІ" / АПЛ: АЗАР «ЧЕЛСИГЕ» ЖЕҢІС СЫЙЛАДЫ

АПЛ: АЗАР «ЧЕЛСИГЕ» ЖЕҢІС СЫЙЛАДЫ

Ағылшын Премьер-лигасының 5-ші кезеңінде «Челси» өз алаңында «Кардиффке» қарсы ойын өткізді.

«Челси» клубы ешқандай қиындықсыз 4:1 есебімен жеңіске жетті. Ағылшын Премьер-лигасының басты жұлдыздарының бірі Эден Азар үш гол соғып, хет-трик жасады.

«Челсиде» — «Ливерпуль» секілді қатарынан бесінші ойында жеңіске жетті.

6-шы кезеңде «Челси» өз алаңында «Вест Хэммен» ойнайды.

«Челси» 4:1 «Кардифф»

Голдар: Азар, 37, 44, 80 (пенальтиден), Виллиан, 83 – Бамба, 16.

«Челси»: Аррисабалага, Давид Луиз, Алонсо, Аспиликуэта, Рюдигер, Ковачич (Баркли, 50), Жоржиньо, Педро (Виллиан, 68), Канте, Азар (Дзаппакоста, 84), Жиру.

«Кардифф»: Этеридж, Моррисон, Беннетт, Манга, Бамба, Артер (Ричардс, 46), Роллс, Рид (Патерсон, 71), Камараса, Хойлетт, Уорд (Мэдин, 77).

Сурет: Getty Images сайтынан

Сондай-ақ

МЕДЕУДЕ ДӘСТҮРЛІ «БАСПАЛДАҚ» ЖАРЫСЫ ӨТЕДІ

Қыркүйектің 23-і күні «Медеу» шатқалындағы селден қорғау бөгетінде «Спорттық Алматы» бағдарламасы аясында дәстүрлі «Баспалдақ-2018» бұқаралық …