Арман Ашимов, M-1 Chаllenge 81: «Таудағы айқас 6» турнирында, жеңіліс көрмеген, дағыстандық Гаджимурад Алиевты нокаутқа түсірді. Ингушетия жерінде өткен М-1 Challengе 81: «Таудағы айқас 6» байрақты бәсекесінде жерлесіміз — Арман Ашимов жеңіліс көрмеген, 6 жекпе-жек өткізіп, барлығында да жеңіске жеткен, дағыстандық ұрыс шебері — Гаджимурад Алиевты 2 раундта нокаутпен ұтып, …
толық оқу»ММА: ҚЫТАЙДАҒЫ ҚАНДАСЫМЫЗ ҚАРСЫЛАСЫН СҰЛАТЫП ТҮСІРДІ
ММА бойынша спорт шебері, Қытайдағы қандасымыз Қуаныш Өскенбекұлы осы елде өткен аралас жекпе-жекте бесінші жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Қандасымыз жапондық Tomomitsu Hinuma-мен айқаста қарсыласын екінші раундта сұлатып салды. Қуаныш бірінші раунда өзінің басымдылығын көрсетіп, қарсыласы бір рет нокдаун алып қалды. Екінші раундтың 2 минутында Қуаныш қарсыласына ауыр …
толық оқу»ҚУАТ ХАМИТОВТЫҢ ҚАРСЫЛАСЫ АНЫҚТАЛДЫ
ММА шебері Қуат Хамитовтың келесі қарсыласы анықталды. Спортшы өзінің инстаграм желісінде келесі қарсыласын жария етті. Ол Ирландиялық Питер Куилли (10-3) болмақ. Кездесу «Fight Nights Global» турнирі аясында өтеді. «Мен дайын боламын! Қыркүйек. Алматы-Арена» , — деп жазды Қуат.
толық оқу»ҚАЙРАТ АХМЕТОВ «ONE FC» БЕЛДІГІН ҚОРҒАЙДЫ
2017 жылы 29 шілде күні, Индонезияның Сурабая қаласында Қайрат «ҚАЗАҚ» Ахметов (23-0 ММА) бразилиялық Адриано «Қара алмаз» Мораеске (15-2 ММА) қарсы реванш өткізеді. Бұл жекпе-жек жеңіл салмақта болады. Жеңіліс дәмін татпаған Alash Pride FC өкілі — Қайрат Ахметов қазіргі таңда ONE FC-дің əлем чемпионы деген атаққа ие және осы дәрежесін …
толық оқу»ДАНИЯР ҚАСҚАРАУОВ: ЕРЕЖЕСІЗ ЖЕКПЕ-ЖЕКТІҢ ЕҢСЕСІН КӨТЕРЕМІЗ
Бүгінгі таңдағы еліміздегі ережесіз жекпе-жек өнерінің даму барысы жайында әңгіме қозғалғанда, ең бірінші кезекте, «Алаш Прайд» кәсіпқой клубы ойға оралады. Іргетасы Алматыда қаланған бұл ұйым осы спорт түрін серік еткен талай саңлақты өз қамқорлығына алып, отандастардың халықаралық аренада танылуына сүбелі үлес қосты. Сонымен қатар республикамыздың бірқатар қалаларында дүбірлі додалар ұйымдастырып, …
толық оқу»ШАРИПОВ НҰРБЕРГЕН «Tech-Krep» ГРАН-ПРИІНІҢ ФИНАЛЫНА ЖОЛДАМА АЛДЫ.
Ресейдің Краснодар қаласында «Tech-Krep FC: Prime Selection 15» гран-приінің іріктеу кезеңдері өтуде. Бұл турнирге отандасымыз Нұрберген Шəріпов қатысты. Кеше ол түрікмен спортшысы Руслан Юсуповқа қарсы жекпе-жек өткізіп, жеңіске жетті. Нұрберген қарсыласын қылқындыру əдісімен тізе бүктірді. Осылайша, Нұрберген Шəріпов 61,2 келідегі «Tech-Krep» гран-приінің финалына жолдама алды.
толық оқу»АТЫРАУЛЫҚ ММА ШЕБЕРІ АЗИЯ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ
12-16 маусым аралығында Сингапур елінде ММА спортынан ашық Азия чемпионаты өтуде. Сингапур елінде UFC аптасы жалғасуда. Осы бір үлкен шара аясында 15 елден келген 66 шебер Азия құрлығының үздігі атағына таласу үстінде. Қазақстан ММА құрамасы 8 салмақ дәрежесінде 9 спортшымен ел намысын қорғауда. Алғашқы алтын медальді Атыраулық спортшы Олжас Молдағалиев …
толық оқу»ҰЛТТЫҚ ҚҰРАМА ММА-ДАН АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНА ДАЙЫН
Қазақстандық ММА шеберлері Азия чемпионатына қатысу үшін Сингапурға аттанады. Азия чемпионатында Қазақстанды ММА ұлттық құрамасының жаңартылған құрамы таныстыратын болады. IMMAF (International MMA Federation) халықаралық ұйымы ММА бойынша бірінші ашық Азия чемпионаты 12-16 маусым аралығында Сингапурде өтеді. Азия чемпионатында Қазақстанның намысын түрлі салмақ дәрежесіндегі аралас жекпе-жек шеберлері кіретін ММА бойынша Қазақстанның …
толық оқу»АСТАНАДАҒЫ ЖЕКПЕ-ЖЕКТЕН КЕЙІН СПОРТТАН ШЕТТЕТІЛДІ
Осыдан берер апта бұрын Астанада ережесіз жекпе-жектен өткен турнирден кейін ағайынды Гаджимурад пен Гамзат Хирамагомедовтер ММА одағының вице-президенті әрі осы жарыстың бас төрешісі Радмир Габдуллинді соққыға жыққан болатын. Олардың барлығы да Ресей азаматтары. Естеріңізге сала кетейік, Fight Nights Global 65 турнирінде жартылай орта салмақта бақ сынап жүрген қазақстандық Георгий Кичигин …
толық оқу»«ҰЛЫ ЖІБЕК ЖОЛЫ» ТУРНИРІНДЕ ҚАЗАҚСТАН ҚҰРАМАСЫ ЖЕҢІСПЕН КЕЛЕДІ
13-мамыр күні Хоргос кеден бекетінде К1 нұсқасы бойынша «Ұлы Жібек жолы қаhарманы» жобасы аясында «Бір белдік — бір жол» атты Қазақстан-Қытай арасындағы жекпе-жектер өткенін хабарлаған болатынбыз. Кеше, 27 мамыр күні осы турнирдегі «В» тобының бірінші айналымы өтті. PFC промоутерлік компаниясы кәсіпқой К1 версиясы бойынша ұйымдастырған турнирде ел намысын «Alash Pride»командасы қорғауда. …
толық оқу»
DodaSport | Әлем және Қазақ спорты Спорт