Басты бет / Кәсіпқой бокс (бет 30)

Кәсіпқой бокс

БЕКМАН СОЙЛЫБАЕВ САЛМАҚ ӨЛШЕУ РӘСІМІНЕН ӨТТІ

Бүгін Мексиканың Чиуауа қаласында қазақстандық боксшы Бекман Сойлыбаевтың қатысуымен өтетін кәсіпқой бокс кешінің салмақ өлшеу рәсімі өтті. Айта кетейік, кештің басты жекпе-жегі мексикалық қос мықты, Хулио Сезар Чавес пен Сауль Канело Альварестің туған ағалары Омар Чавес пен Рамон Альварестің арасында өтеді. WBC EPBC және WBA NABA чемпионы Бекман Сойлыбаевтың қарсыласы …

толық оқу»

АСХАТ УӘЛИХАНОВ КӘСІПҚОЙ БОКСТА КЕЗЕКТІ РЕТ ЖЕҢІСКЕ ЖЕТТІ

Уәлиханов қарсыласын нокаутқа түсірді Асхат Уәлиханов Калифорниядағы бокс кешінің аясында жұдырықтасты. Ол кәсіпқой бокстағы үшінші жекпе-жегінде америкалық Эрик Фаулерді жеңді. Бірінші орта салмақта өткен жекпе-жекте Уәлиханов қарсыласын екінші раундта техникалық нокаутпен жеңді. Осылайша, қазақстандықтың кәсіпқой бокста екі жеңісі және бір жеңілісі бар.

толық оқу»

АЙДАР ШӘРІБАЕВ НОКАУДПЕН ЖЕҢДІ

  Қазақстандық жас кəсіпқой боксшы Айдар Шәрібаев (6-0-0, 5КО) қарсыласы Орландо Ризоны (Никарагуа, 19-9-0, 11КО) тізе бүктірді. Жеңіліс тауып көрмеген Айдар Шәрібаев Чикагода өткен бокс кешінде шаршы алаңға шықты. Ол никарагуалық боксшы Орландо Ризамен жұдырықтасты. Жекпе-жек жетінші раундта аяқталды. Шәрібаев осы раундта қарсыласын нокаутқа түсірді. Қазақстандық боксшы кәсіпқой бокстағы алтыншы …

толық оқу»

АЙДАР ШӘРІБАЕВ АЛТЫНШЫ ЖЕКПЕ-ЖЕГІ ҮШІН ЧИКАГОҒА КЕЛДІ

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Айдар Шәрібаев өзінің алтыншы айқасын өткізу үшін АҚШ-тың Чикаго қаласына келді. Оның алдағы қарсыласы никарагуалық панчер Орландо Ризо. Кәсіпқой бокста 2008 жылдан бері жүрген Орландо оңай шағылар жаңғақ емес. 32 жасар боксшының еншісінде 28 жекпе-жек бар. Оның 19-ында жеңіске жеткен. 11 қарсыласын нокаутқа түсірген. Бүгін боксшылардың салмақ …

толық оқу»

ДЖЕЙКОБСКЕ ҮЗІЛІС ЕМЕС, РЕВАНШ КЕРЕК

Америкалық бапкері Андре Розье BoxingScene басылымына берген сұхбатында өз шәкірті Дэниэл Джейкобстың жоспарлары жайлы айтып берді. Бапкердің айтуынша Джейкобс ұзақ уақыт демалмайды. Жақын арада рингке оралуы ықтимал. «Мамырдың ортасында ол жаттығуларына кіріседі. Сосын келесі қарсыластың кім болатынын анықтаймыз. Мен үшін Головкинмен қайта жұдырықтасқаны қолайлы. Бұл екі жігіт орта салмақта әлемнің …

толық оқу»

ҚАНАТ ИСЛАМНЫҢ ҚАРСЫЛАСЫ БЕЛГІЛІ

  Кәсіпқой рингте әлі жеңілмеген отандасымыз Қанат Исламның қарсыласы белгілі болды. QAZAQ-тың бұл жолғы қарсыласы рейтинг бойынша өзінен жоғары тұрған Мексикалық Норберто Гонсалес (Norberto Gonzalez). Гонсалес бүгінге дейін 31 кездесу өткізіп, 23-інде жеңіске жеткен. 13 жекпе-жегін нокаутпен ұтқан. 8 кездесуінде жеңіліс тапқан. Норберто Гонсалестің лақап аты – Әзәзіл! Ол өз …

толық оқу»

НҰРСҰЛТАНОВ КЕЗДЕСУІ ӘЛЕМДІК БАСЫЛЫМДАРДА

  Бокс тақырыбын жазатын «KO Fantasy Boxing» порталы Мейірім Нұсрсұлтановтың кәсіпқой бокстағы екінші кездесуі туралы пікірлерін білдірді. Мейірім өзінің кәсіпқой бокстағы екінші кездесуінде Мексикалық Хавьер Ольвераны жеңген болатын. «Нұрсұлтанов бүгінгі мексикалық боксшыға қарсы өткізген кездесуден кейін өзінің статистикасын жақсарта алды. Қазақстандық бірінші секундтан ақ энергияға толы екенін кзрсетіп, алға ұмтыла …

толық оқу»

ӘШКЕЕВТІҢ СОҚҚЫЛАРЫ ӘЛЕМДІК БАСЫЛЫМ БЕТТЕРІНДЕ

  Танымал «KO Fantasy Boxing» порталының твиттер желісі Қазақстандық боксшы Мадияр Әшкеевтің жекпе-жегіне баға берді. Жартылай орта салмақта Мадияр Әшкеев (8-0, 4 КО)  америкалық Шон Кэмеронді (10-3, 5 КО) нокаудпен жеңген болатын. «Бірінші раундта алған қанды жарақатына қарамастан Әшкеев жекпе-жек бойы қарсыласына қысым жасаумен болды. Кэрмерон та мықты боксшы екен, Әшкеевтың …

толық оқу»

МЕЙІРІМ НҰРСҰЛТАНОВ НОКАУДПЕН ЖЕҢІСКЕ ЖЕТТІ

Мейірім Нұрсұлтанов қарсыласын нокаудпен ұтты. Мейірім екінші кездесуінде Мексикалық қарсыласы Хавьер Ольверді екінші раундта техникалық нокаудпен тізе бүктірді. Американың Коннектикут штатындағы Анкасвилледе өткен кездесу алты раундқа жоспарланған болатын. Мейірім қарсыласын екінші раундтың 1:15 секундында техникалық нокаудпен ұтты. Бұл Қазақстандық жас боксшының кәсіпқой бокстағы алғашқы нокауден жеңісі.

толық оқу»

МАДИЯР ӘШКЕЕВ СЕГІЗІНШІ ЖЕҢІСІНЕ ЖЕТТІ

Бірінші орта салмақта бақ сынайтын қазақ кәсіпқой боксшысы Мадияр Әшкеев АҚШ-тың Коннектикут штатына қарасты Анкасвилл қаласында өтіп жатқан бокс кешінде америкалық Шон Кэмеронды жетінші раундта техникалық нокаутпен ұтты. Қос боксшы арасындағы жекпе-жек жетінші раундтың екінші минутында тоқтатылды. Төрешілер Шон Кэмеронның кездесуді жалғастыруға қауқары жетпейтінін байқап, Мадиярды уақытынан бұрын жеңімпаз ретінде …

толық оқу»