
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Бобыржан Момынов өзінің алғашқы кездесуінде Америкалық қарсыласын сұлатып түсірді, деп хабарлайды dodasport.kz сайты.
Кездесу бірінші раундта-ақ аяқталды. «Lake Eva Banquet Hall» кешенінде өткен кездесу төрт раундқа созылған болатын.
— Салмақ өлшеу рәсімінде қарсыласымның әлсіз екенін байқадым. Ол ең алғашқы секундтардан-ақ атыла жөнелді. екі-үш соққы алдым да, өзім іске кірістім. Негізінде нокаудпен ұтамын деген ойым болған емес. Бірақ соққыларыма Уильямс қарсы тұра алмады. Әр соққым оған қатты әсер етті. Ақырында бірінші раундта бітірдім, — дейді Бобыржан Момынов dodasport.kz сайтына берген сұқбатында.
DodaSport | Әлем және Қазақ спорты Спорт