Қазақстандық кәсіпқой боксшы Әли Ахмедов төртінші жекпе-жегінде қарсыласын техникалық нокаудпен жеңді. Кездесуден соң тілшілерге берген сұқпатында:
«Кез-келген қарсыластың осалы жоқ. Жеке жаттықтырушым және командамызбен үлкен жаттығу жасадық. Жекпе-жекке тыңғылықты дайындалдық. Бокстың барысын болжап білу мүмкін емес. Жекпе-жегім бірінші раундта-ақ аяқталды.
Командама қолдау көрсеткен Бауыржан Оспанов ағама алғысымды білдіремін. Көрермендердің көңілінен шықтым деп ойлаймын. Халқымды қуантып жақсы бокс көрсеткім келді. Бүгінгі кештен кейін бокс жанкүйерлері жақсы әсер алды деп ойлаймын», — деді Әли Ахмедов кездесуден кейін.
Айта кетейік, Әли Ахмедовтың қарсыласы Әзірбайжандық боксшының бапкерлері кездесудің алғашқы раундында-ақ орамалын жерге лақтырып, ары қарай жалғастырудан бас тартқан болатын.
Али Ахмедовтың кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегі 14-ші мамыр күні Астана қаласында өткен болатын. Беларусь Крапшило Сергейге (4-12-2) қарсы өткен кездесу 1 раундта-ақ отандасымыздың пайдасына шешілді.
12 шілде күні Беларусияның Борисов қаласында боксшымыздың екінші кездесуі жергілікті боксшы Руслан Родовичке (14-17-0) қарсы өтті. Бұл жолы Алиге жеңіске жету үшін 3 раунд жеткілікті болды. Араға төрт күн салып осы жерде тағы бір бокс кеші өтті. Ринг қожайыны Вадзим Палеевке (1-0-0) қарсы кездесудің тағдыры 1-ші раундта шешілді. Али өзінің жойқын соққысымен қарсыласын сылқ құлатты.
Кәсіпқой бокста 4 кездесу өткізіп, барлығын нокаудпен жеңген Али Ахмедов 1995 жылы 16 шілде күні дүниеге келген. Қазір»Diamond Ring» компаниясымен келісім шартқа отырған. Әуесқой бокста жеткен жетістіктері жетерлік. «Астана арландары» командасының құрамында сынға түскен. Ол соңғы рет студенттер арасындағы Азия ойындарында жеңіске жеткен соң кәсіпқой боксқа түбегейлі ауысатынын мәлімдеген болатын.
Алматы қаласында өткен кәсіпқой бокс кешінен кейін Boxrec.com бокс порталы боксшылар рейтингісін жаңартты. Онда Али 406-шы орыннан 633-ға көтерілді.
DodaSport | Әлем және Қазақ спорты Спорт