Джакартада өтіп жатқан жазғы Азия ойындарында 130 келіде грек-рим күресінің балуаны Нұрмахан Тінәлиев күміс жүлдегер атанды.
Азия ойындарында күрес түрлерінен өткен соңғы белдесуде Нұрмахан финалда өзбекстандық Мумиджан Абдуллаевке жол берді.
Тінәлиев финалға дейін Папанг Раманхани (Индонезия) мен Арата Сонаданы (Жапония) жеңген болатын.
Бұған дейін, Нұрмахан Тінәлиев 2010 және 2014 жылғы Азия ойындарының чемпионы атанған.
Сурет: Olympic.kz
DodaSport | Әлем және Қазақ спорты Спорт