«Барселона» клубы ресми сайтында, жартылай қорғаушы Артуро Видальді сатып алу жайлы «Бавария» клубымен келісімге келгенін хабарлады.
Жақын күндері чилийлік ойыншы Барселонаға келіп, медициналық тексерістерден өтеді және үш жылдық келісімшарт мерзіміне қол қояды.
Келісімшарт жайлы мәліметтер ойыншыны ресми таныстыру кезінде жарияланады.
Айта кетсек, кейбір ақпараттарда Артуро Видальдің ауысым құны «Барселонаға» 19 миллион еуро + бонустарға түспек.
31 жастағы Видаль мансабында 2007/2011 маусымдарында «Байер» (144 ойын, 21 гол), 2011/2015 маусымдарында «Ювентус» (171 ойын, 48 гол) және 2015/2018 маусым аралығында «Бавария» (132 ойын, 22 гол) сапында өнер көрсеткен.
Фото: ФИФА-ның ресми сайтынан
DodaSport | Әлем және Қазақ спорты Спорт