Басты бет / Әлем / ГОЛОВКИННЕН ТАРТЫП АЛЫНҒАН IBF ТИТУЛЫН БОКСШЫЛАР САРАПҚА САЛМАҚ

ГОЛОВКИННЕН ТАРТЫП АЛЫНҒАН IBF ТИТУЛЫН БОКСШЫЛАР САРАПҚА САЛМАҚ

Орта салмақта IBF нұсқасы бойынша вакантты әлем чемпионы белбеуін, америкалық Дэниэл Джейкобс (34-2, 29 KO) пен украиналық Сергей Деревянченко (12-0, 10 KO) 10-шы қараша күні өз араларында сарапқа салмақ.

Жекпе-жек HBO телеарнасы көрсететін бокс кешінің басты кездесуі болмақ. Өтетін орны әлі белгісіз, бірақ ESPN тілшісі Дэн Рафаэльдің мәліметі бойынша, Юниондейлдағы (Нью-Йорк, АҚШ) «Nassau Veterans Memorial Coliseum» кешінінде өтуі мүмкін.

Айта кетсек, IBF басшылығы Геннадий Головкиннен белбеуді тартып алған болатын. Себебі, Головкин чемпиондық белбеуін міндетті қарсыласы Деревянченкодан қорғаудан бас тартты.

Сондай-ақ

ПРЕМЬЕР-ЛИГАДАҒЫ 21-ШІ ТУРДЫҢ ҮЗДІК ГОЛЫ ТАҢДАЛДЫ

Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы Премьер-лиганың жиырма бірінші турының үздік голын анықтау мақсатында жанкүйерлер арасында сауалнама …