Азия ойындарында Қазақстан қоржынына кезекті алтын түсті. Джиу-джитсудан 77 келіде ел намысын қорғаған Руслан Исраилов Азиада чемпионы атанды.
Исраилов финалдық сында қырғызстандық Нұрсұлтан Әлімқұловты жеңді.
«Қазақстан халқының үмітін ақтап, алтын медаль иеленгеніп үшін қуаныштымын. Дәл қазіргі көңіл-күйім керемет. Әлі чемпион атанғанымды сезіне алар емеспін. Екінші белдесуімде мен әлем чемпионын жеңдім. Чемпионды жеңген соң, барлық қарсыласқа күшім жететініне сендім. Бұл жеңісімді барша қазақстандықтарға арнаймын», — дейді Руслан.
Бұл джиу-джитсу шеберлері жеңіп алған екінші алтын. Кеше Дархан Нортаев чемпиондық атақты иеленген еді.
Сондай-ақ, 85 келідегі А. Гаврюлок қола медаль үшін күресте қырғыз спортшысын жеңді.
Дереккөз: Olympic.kz
DodaSport | Әлем және Қазақ спорты Спорт