Орта салммақта (72 кг) өнер көрсететін қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлының (2-0, 1 КО) АҚШ-тағы дебюттік кездесуі 28 қыркүйек күні Оклэнд қаласындағы (Калифорния штаты) бокс кешінде өтеді. Қазіргі уақытта оның қарсыласын Top Rank компаниясындағы промоутерлері және оның менеджері Эгис Климас іздеп жатыр.
Айта кететін жайт, Әлімханұлы Top Rank-пен келісім шартқа осы жылдың маусым айында отырған еді. Қазіргі кезде боксшы американдық бокс маманы Бадди МакГиртпен жаттығу жиындары өткізуде.
DodaSport | Әлем және Қазақ спорты Спорт