Алып шаһарда «Спорттық Алматы» бағдарламасы аясында Конституция күніне арналған кезекті велошеру өтті, деп ақпараттық және спорттық ХАБ хабарлайды.
Әдеттегідей велошеру таңғы сағат 09:00-де «Нұрлы Тау» бизнес орталығынан басталып, Тұңғыш Президенті саябағында аяқталды. Бұл жолғы велошерудің қашықтығы 7,5 шақырымды құрады.
«Спорттық Алматы» бағдарламасы аясында өткен бұл мерекелік велошеруге 600 жуық қала тұрғындары мен қонақтары қатысты.
Мәреде қатысушылардың арасында бағалы сыйлықтар ойнатылады. Басты сыйлық – 5 велосипед және электросамокат.
— Біз алғаш рет қатысып отырмыз, достарымыз көптен бері шақырып жүр. Содан мерейтойымыздың құрметіне орай — 26 тамызда отбасымыз құрылған болатын, сондай-ақ, мерекенің құрметіне қалалық велошеруге қатысуға шешім қабылдадық, осылайша осы оқиғаларды атап өттік. Енді біз әрдайым қатысамыз, әсіресе балалар үшін, оларды спортпен айналысуға, салауатты өмір салтын ұстануға баулуымыз керек. Велошерулер қалада қауіпсіз жанұяныңмен керемет уақыт өткізіп, көңіл көтеруге мүмкіндік береді. Ұйымдастырушылардың барлығына алғысым шексіз, бізге мереке ұйымдастырып, бағалы сыйлықтар таратты. Ұтамын деп емес, қатысамын деп келдік! Өте қуаныштымыз, — өз қуанышымен басты сыйлықтың бүгінгі иегері Данияр Батыров бөлісті.
Айта кетер жайт, бұл велошеру «Спорттық Алматы» қалалық бағдарламасы аясында 2018 жылы жоспарланған 21 велошерудің он төртіншісі болып табылады. «Спорттық Алматы» бағдарламасы алып шаһарда бұқаралық спортты дамыту мақсатында жүзеге асырылып келеді.
DodaSport | Әлем және Қазақ спорты Спорт