Басты бет / Велоспорт / ЙОН ЖӘНЕ ГОРКА ИСАГИРРЕЛЕР «АСТАНА» САПЫНА АУЫСАДЫ

ЙОН ЖӘНЕ ГОРКА ИСАГИРРЕЛЕР «АСТАНА» САПЫНА АУЫСАДЫ

«Астана» командасы испаниялық екі шабандоз – Йон Исагирре және Горка Исагиррелермен екі жылдық келісім шартқа қол қойғаны жайлы жариялады. Олар қазақстандық жобаға 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап қосылмақ.

— Бірнеше жылдан бері Әлемдік Турда өнер көрсетіп жүрген «Астана» командасының сапына ауысқанымызға қуаныштымыз. Ағам екеуіміз команданың шабандоздары мен қызметкерлерімен жақсы таныспыз. Ол біз үшін маңызды. Себебі командаға тез үйреніп кетуіміз үшін көмегін тигізеді. «Астананы» біраз жылдан бері жұмыс атқарып, жыл сайын алдына жаңа мақсаттар қоя білетін өте мықты команда ретінде білемін. Горка екеуіміз командаға жаңа серпіліс алып келеміз деп үміттенемін. Және біз командаға келіп қосылғаннан кейін «Астананың» күші одан да арта түседі деп ойлаймын. Әрине, біздің ең басты мақсатымыз жеңіс. Командаға алға қойған мақсаттырына жету үшін көмектесуге дайынбыз. Сонымен қатар апталық жарыстарда жекелей жақсы нәтиже көрсетуге талпынатын боламыз, — деді Йон Исагирре.

Йон Исагирре (29 жаста) апталық жарыстардың танымал мамандарының бірі. Уақытқа арналған додаларда өте жақсы нәтиже көрсетеді. Йонның жеңістерінің тізімінен «Тур де Франс» (2016) және «Джиро д’Италия» (2012) кезеңдеріндегі жеңіс, «Польша Турының» жалпы есебі бойынша жеткен жетістігі, Испания чемпионатындағы топтық жарыстың алтын медальі (2014) мен жекелей уақытқа арналған сын бойынша (2016), «Швейцария Турында» 2-орын иегері атанғанын (2016) мәлім. Ал осы маусымда Йон Исагирре «Баск елдерінің Турында» жалпы есепте және Испания чемпионатында жекелей уақытқа арналған жарыста 3-орын, сонымен қатар «Париж-Ниццаның» қорытынды классификациясы бойынша 4-орынды иеленді.

Горка Исагирре (30 жаста) – Йонның ағасы, сонымен қатар көпкүндіктердегі жекелей уақытқа арналған жарыстың маманы. Горка Испания чемпионатының топтық және жекелей уақытқа арналған жарыстарның күміс жүлде игері. 2018-жылы Горка жақсы нәтижелерімен көзге түсті. «Оман Туры» мен «Париж-Ниццаның» жалпы есебі бойынша 3-орын иеленді. Ал өткен маусымда Горка Исагирре «Джиро д’Италияның» кезеңдерінің бірінде жеңіске жеткен болатын.

— Йон мен Горка өте мықты спортшылар. Олардың қол жеткізген жетістіктері баршаға мәлім. Биылғы жылы Горка Испания Чемпионатын жеңіп алды. Ал Йон бірқатар апталық жарыстар мен «Тур де Франста» көзге түсті. «Астана» сапында ағайынды шабандоздарға спорттық мансаптарында алға тағы бір қадам жасап, қол жеткізген нәтижелерінен де жоғары биіктерден көрінуге көмектесуге дайынбыз. Олар әлі де болса өз күштерін толықтай паш ете қойған жоқ. «Астана» құрамында өздерін толыққанды көрсету үшін қолымыздан келгеннің барлығын жасауға дайынбыз, – деді бас менеджер Александр Винокуров.

Дереккөз: Astanaproteam.kz

Сондай-ақ

ГОНСАЛУ ГЕДЕШ «ВАЛЕНСИЯ» ОЙЫНШЫСЫ АТАНДЫ

Шабуылдаушы жартылай қорғаушы Гонсалу Гедеш «Валенсияның» толыққанды ойыншысы атанды. «Валенсия» ресми сайтында, «Пари Сен-Жермен» клубынан …