Басты бет / Әлем / МИГЕЛЬ БЕРЧЕЛЬТ WBC ЧЕМПИОНДЫҚ БЕЛДІГІН ҚОРҒАП ҚАЛДЫ

МИГЕЛЬ БЕРЧЕЛЬТ WBC ЧЕМПИОНДЫҚ БЕЛДІГІН ҚОРҒАП ҚАЛДЫ


WBC нұсқасы бойынша ІІ-жартылай жеңіл салмақтағы әлем чемпионы атағына таласта мексикалық Мигель Берчельт (32-1-0, 28КО) чемпиондық белдігін жапондық Такаши Миураға (31-4-2, 24КО) қарсы қорғап, ұпай санының басымдығымен жеңіске жетті. Бұл кездесу мексикалық үшін осы салмақтың үздігі Ломаченконың жанында тұратын рейтингке жеткізді.

WBA (Super) нұсқасы бойынша ІІ-жартылай жеңіл салмақтағы әлем чемпионы атағына таласта панамалық Хесреэль Корралес (22-1-0, 8КО) чемпиондық белдігін мексикалық Робинсон Кастельяносқа (24-13-0, 14КО) қарсы қорғап, 10 раундта техникалық шешіммен жеңіске жетіп отыр.

Сондай-ақ, бұл кеште Джо Смит (23-2-0, 19КО) — Салливан Баррера (20-1-0, 14КО) жартылай ауыр салмақта WBC (International) белдігін сарапқа салып, Анджей Фонфара мен Бернард Хопкинсты нокаутпен жеңген Смит чемпиондық белдігін қорғап қала алмады, 10 раунд қорытындысы бойынша ұпай санымен Барьера жеңіске жетті.

Сондай-ақ

РЕНАТ АБДУЛИН — СЕРІК ЖЕЙЛІТБАЕВ АТЫНДАҒЫ СЫЙЛЫҚТЫҢ ИЕГЕРІ

«Оқжетпес» футбол клубының тәжірибелі қорғаушысы Ренат Абдулин 2013 жылы бекітілген жыл сайынғы Серік Жейлітбаев атындағы …