Басты бет / Footbalem "ФУТБОЛ ӘЛЕМІ" / АПЛ-ДЫҢ БІРІНШІ КЕЗЕҢІНІҢ ОРТАЛЫҚ ЖӘНЕ ЧЕМПИОНДЫҚҚА ҮМІТКЕРДІҢ ОЙЫНЫ ӨТТІ

АПЛ-ДЫҢ БІРІНШІ КЕЗЕҢІНІҢ ОРТАЛЫҚ ЖӘНЕ ЧЕМПИОНДЫҚҚА ҮМІТКЕРДІҢ ОЙЫНЫ ӨТТІ

Ағылшын Премьер-лигасының бірінші кезеңінің орталық ойынында, «Арсенал» мен «Манчестер Сити» кездесті. Ал осы маусымда чемпиондыққа үміткер саналатын «Ливерпуль» өз алаңында «Вест Хэммен» кездесті.

Жаңа маусымға жаңа бапкер, жаңа тыныспен қадам басқан лондондық «Арсенал» «Эмирейтс» стадионында манчестерлік «Манчестер Ситимен» ойын өткізіп, Унаи Эмеридің шәкірттері Пеп Гвардиоланың ойыншыларынан 0:2 есебімен жеңіліп қалды.

2-ші кезеңде «Арсенал» «Челсимен» кездессе, ал «Манчестер Сити» «Хаддерсфилдпен» кездеседі.

«Арсенал» 0:2 «Манчестер Сити»

Голдар: 14′ Стерлинг, 64′ Бернардо Силва.

«Арсенал»: Чех — Бельерин, Папастатопулос, Мустафи, Мэйтленд-Найлз (Лихтштайнер 35′) — Рэмси (Ляказетт 55′), Гендузи, Джака (Торрейра 70′) — Мхитарян, Озил — Обамеянг.

«Манчестер Сити»: Эдерсон — Уокер, Стоунз, Ляпорт, Менди — Фернандиньо, Бернардо Силва, Гюндоган — Марез (Де Брюйне 60′), Агуэро (Габриэль Жезус 79′), Стерлинг (Сане 87′).

2018/2019 маусымында чемпион атануға бірден-бір үміткер саналатын «Ливерпуль» «Энфилд Роуд» стадионында «Вест Хэмді» тас талқан етті.

2-ші кезеңде «Ливерпуль» сырт алаңда «Кристал Пэласпен» ойын өткізеді.

«Ливерпуль» 4:0 «Вест Хэм»

Голдар: 19′ Салах, 45+2′, 53′ Мане, 88′ Старридж.

«Ливерпуль»: Алиссон — Александер-Арнольд, Гомес, ван Дейк, Робертсон — Кейта, Вейналдум, Милнер — Салах (Старридж 87′), Фирмино (Хендерсон 69′), Мане (Шакири 82′).

«Вест Хэм»: Фабиански — Бальбуэна, Огбонна, Райс (Снодграсс 46′) — Фредерикс, Нобл, Уилшир, Масуаку — Антонио, Фелипе Андерсон (Эрнандес 62′) — Арнаутович (Ярмоленко 67′).

Фото: Getty Images сайтынан

Сондай-ақ

МБАППЕ ЕКІНШІ ТАЙМДА АЛАҢҒА ШЫҒЫП «ПСЖНЫ» ЖЕҢІСКЕ ЖЕТКІЗДІ

Париждік клубтың шабуылшысы Килиан Мбаппе «Генгамға» қарсы өткен ойынның нәтижесін шешіп кетті. Франция чемпионатының 2-ші …