Таразда үстел теннисінен өткен ел чемпионатында командалық есептегі чемпиондар мен жүлдегерлер анықталды. Көптеген жылдар бойы жеңіліс көрмеген алматылықтар (ерлер құрамасы) мен қарағандылықтар (әйелдер құрамасы) осы жолы да алтын медальдарға ие болды.
Еліміздің кен өндіру аймағынан келген теннисшілеріміз Наталья Сладкова, Зәуреш Ақашева, Маргарита Харечко, Александра Смирнова (жаттықтырушылары Эльмира Әлиева, Татьяна Ким) барлық кездесулерде қарсыластарынан 5:0 есебімен айқын жеңіске жетіп лайықты чемпион атанды. Екінші орында Батыс-Қазақстаннан келген спортшылар болды, олар жартылай финалда былтырғы финалист Алматы құрамасынан басым түсті. Күміс команданың құрамасында БҚО — Гүлчехра Құсейнова, Гаухар Алмағамбетова, Алсу Сапарова, Әсем Нұрмұханбетова (жаттықтырушылары Сарвар Назарова, Владислав Кузьмин) бар. Қола жүлде Алматылықтар (Валентина Оспанова, Айя Әлімбаева, Анель Бахыт, жаттықтырушысы Айман Оспанова) мен Оңтүстік Қазақстан облысының спортшыларының еншісіне бұйырды, елдегі болашағы зор командалардың бірі. Оның құрамы 13-жастағы Сарвиноз Мірқадырова, 16-жастағы Озода Азатова, 18-жастағы Малика Илхамжанова мен Баян Нышанова, 16-жастағы Таңшолпан Шапей (жаттықтырушылары Нұрлан Оразбаев, Мирякуб Мирасланов). Бесінші орында Қостанай облысы, алтыншы орын Астана, бұдан кейін Павлодар, Жамбыл, Шығыс-Қазақстан, Алматы, Маңғыстау, Атырау және Ақтөбе облыстары болды.
Ерлер арасында Алматы құрамасы (Тимур Келбұғанов, Самат Бейсенов, Тимур Бейсалиев, жаттықтырушылары Айман Оспанова, Александр Перевалов) өзінің көпжылдық көшбасшы мәртебесін растап финалда қызықты бәсекелесте 5:2 есебімен қарағандылықтардан ( Эрик Райтер, Марат Сұртұбаев, Владислав Захаров, жаттықтырушысы Эльмира Әлиева) басым түсті. Алғаш рет отандық үстел теннисінің тарихында Оңтүстік-Қазақстан облысының спортшылары (Бекұлан Жамал, Ердәулет Оразбаев, Бағдәулет Әкімәли, Сарвар Ирисалиев, Рахат Полатханов, жаттықтырушылары Нұрлан Оразбаев, Мирякуб Мирасланов) қола медальдарға қол жеткізіп отыр.
Сондай-ақ шығыс қазақстандық спортшылар Денис Жолудев, Сергей Коновалов, Кирилл Сотник, Сағантай Құрмамбаев, Әлібек Нарұбаев (жаттықтырушылары Сергей Литвинов, Ольга Архипова) чемпионатта үшінші болды. Астана, Батыс-Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Ақтөбе, Алматы, Жамбыл, Маңғыстау, Ақмола, Атырау және Солтүстік-Қазақстан облыстарының командалары жүлдесіз қалды.
Енді Қазақстан чемпионатына қатысушылар өз күштері мен мүмкіндіктерін жеке турнирде, жұптық және аралас разрядта тексереді.
Талап Қойбағаров, Тараз қ.