Басты бет / Басқа түрлер / ҚАЗАҚСТАНДЫҚ АКРОБАТШЫЛАР ЖАСТАР АРАСЫНДАҒЫ ОЛИМПИАДА ОЙЫНДАРЫНА ЖОЛДАМА АЛДЫ

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ АКРОБАТШЫЛАР ЖАСТАР АРАСЫНДАҒЫ ОЛИМПИАДА ОЙЫНДАРЫНА ЖОЛДАМА АЛДЫ

Қазақстандық спортшылар Дмитрий Немеренко мен Анастасия Архипова Буэнос-Айресте өтетін жастар арасындағы Олимпиада ойындарына лицензия алды.

Бельгияның Антверпен қаласында өткен әлем чемпионатында отандастарымыз жасөспірімдер арасындағы аралас жұпта өнер көрсетті. Бұл топта қазақстандық жұп Никита Амоскин мен Анастасия Долганюк жеңіске жетті. Тағы бір отандастарымыз Немеренко мен Архипова жарыс қорытындысы бойынша сегізінші орын алды. Алғашқы жұбымыздың жас болуына байланыста жастар Олимпиадасында ел намысын Немеренко мен Долганюк қорғайтын болды.

Жастар арасындағы Олимпиада ойындарына жолдама алған спортшылардың толық тізімін мына сілтімеден көре аласыздар

Дереккөз: olympic.kz

Сондай-ақ

РЕНАТ АБДУЛИН — СЕРІК ЖЕЙЛІТБАЕВ АТЫНДАҒЫ СЫЙЛЫҚТЫҢ ИЕГЕРІ

«Оқжетпес» футбол клубының тәжірибелі қорғаушысы Ренат Абдулин 2013 жылы бекітілген жыл сайынғы Серік Жейлітбаев атындағы …