Басты бет / Басқа түрлер / Баскетбол / «АЛМАТЫЛЫҚ ЛЕГИОН» БАСКЕТБОЛДАН ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ АТАНДЫ

«АЛМАТЫЛЫҚ ЛЕГИОН» БАСКЕТБОЛДАН ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ АТАНДЫ

«Достық» спорт кешенінде баскетболдан Қазақстан чемпионатының аясында финалдық кездесулер өтті, деп xабарлайды ақпараттық және спорттық ХАБ.  

Ел біріншілігіндет чемпиондыққа екі үміткер «Алматылық Легион» мен «Қазығұрт» командалары қызықты да тартысты ойын үлгісін көрсетті. Баскетболшылар барын салып, бақ сынасты. Ойыншылардың жеңіске деген ынталары алғашқы сәттерден-ақ байқалды. Дегенмен, бірінші кезеңді алматылықтар 36:17 есебімен сәтті аяқтады. Алайда матчтың екінші жартысында шымкенттіктер алаң қожайындарын қуып жетіп, есепті теңестіре алды, 36:36.

Ойынның соңына қарай екі команда арасындағы қысым арта түсті. Баскетболшылар бірдей деңгейде бәстесті. Үшінші кезеңді алматылықтар қарсыластарын үш ұпай айырмасымен жеңді, есеп 58:55. Соңғы шешуші кезеңде басымдық бір командадан екіншісіне өтіп отырғанымен, соңында «Алматылық Легион» спортшылары жиналып, қарсыластарын тізе бүктірді. Матч алматылықтардың жеңісімен, 82:74 есебімен өз мәресіне жетті.

— Ойын қиын берілді, соңғы минутқа дейін басымдық қай командада екені белгісіз еді. Бұл көптен күткен жеңіс, алматылықтарды құттықтаймын, бізге қолдау көрсеткен баскетбол жанкүйерлеріне алғыс білдіремін. Ойынның екінші жартысында кішкене қателіктер жіберілді, оның үстіне қарсыластар да мықты болды. Екі команда да барын салып бәстесті, сондықтан да ұпай айырмасы кішкене ғана деп ойлаймын. Бірақ, матчтың соңына қарай біз жиналып, жеңіске жете алдық. Жалпы, жақсы шабуылдар мен қорғаулар болды, — деп қорытындылады «Алматылық Легион» командасының капитаны Всеволод Фадейкин.

Сонымен қатар, бүгін «Синегорье» мен астаналық «Тигр» командалары кездесті. Матчтың нәтижесі бойынша 78:68 ұпаймен «Синегорье» баскетболшылары қола жүлдесін жеңді. Ал «Барс» пен «Барсы Атырау 2» бесінші орынды сарапқа салды. Бұл матчта «Барсылар» қарсыластарын 101:74 есебімен ойсырата ұтты.

Ел біріншілігінің қатысушы командалары турнир кестесінде осылайша жайғасты. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді Алматы қаласы дене шынықтыру және спорт басқармасының және баскетбол Федерациясының өкілдері марапаттады. Оларға кубок пен медалдар табысталды.

Сондай-ақ

РЕНАТ АБДУЛИН — СЕРІК ЖЕЙЛІТБАЕВ АТЫНДАҒЫ СЫЙЛЫҚТЫҢ ИЕГЕРІ

«Оқжетпес» футбол клубының тәжірибелі қорғаушысы Ренат Абдулин 2013 жылы бекітілген жыл сайынғы Серік Жейлітбаев атындағы …