Басты бет / Басқа түрлер / ЖАСӨСПІРІМДЕР ОЛИМПИАДАСЫ: ЖЕТІНШІ ЖАРЫС КҮНІНІҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ

ЖАСӨСПІРІМДЕР ОЛИМПИАДАСЫ: ЖЕТІНШІ ЖАРЫС КҮНІНІҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ

Буэнос-Айрестегі жасөспірімдер Олимпиадасының жетінші жарыс күні аяқталды.

13 қазан күні Қазақстанда кенже қалған спорт түрлерінің бірі – суға секіруден финалдық кезең өтті. Ел намысын қорғанан Елизавте Борова 10 метрлік мұнаралан секіріп, 271.45 ұпай жинады. Спортшы жалпы есепте оныншы орын иеленген.

Софья Приженникова бессайыс бәсекесін 21-ші орынмен аяқтады.

Спорттық гимнастикадан өткен финалдық сында Аян Молдағалиев үздік сегіздікке енді. Ол ат снарядындағы жаттығудан финалда бақ сынаған болатын. Молдағалиев элементтердің бірін орындау барысында қате жіберіп, 8-ші орын иеленді.

«Бүгінгі көрсеткішіме көңілім толмайды. Тіпті, мұны не деп айтуға болатынын білмеймін. Жоқ жерден құлап қалдым. Өте өкінішті. Дайындығым жақсы еді, қобалжығаным кесірін тигізді. Бізде іріктеуден соң финалдық сын дереу басталады ғой. Бірақ бұл жолы екі-үш күн демалыс берді. Мен үшін бұл көп. Енді қоссырық финалында бәрін таза орындауға тырысамын», — деді Аян.

Анастасия Глухарева үш қарғып секіруден 12.02 метр нәтижесін көрсетіп, бірінші кезеңнен соң 13-ші орында тұр.

Каное мен байдаркада ескеу есуден ел намысын қорғаған спортшылар жүлдеге қол созым жерден тоқтады. Эльнұра Нұрланова қола медаль үшін тартысты қарсыласына жол берсе, Михаил Яковлев байдаркашылар бәсекесінде жетілікке енді.

Велоспорттан кешенді жарысты Қазақстан ерлер командасы сәтті бастады. Глеб Брусенский мен Евгений Федоров мәреге бірінші келіп, жалпы есепте көш бастады. Олар әлі төрт күн бойы жарысады.

Әлихан Мұстафин халықаралық команда сапында 1/16 финалдан сәтті өтті.

Дереккөз: Olympic.kz

Сондай-ақ

ЖАСӨСПІРІМДЕР ОЛИМПИАДАСЫ: ТОҒЫЗЫНШЫ ЖАРЫС КҮНІНІҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ

Буэнос-Айресте жасөспірімдер Олимпиадасының тоғызыншы жарыс күні аяқталды. Каноеде есуден Олимпиада чемпионы атанған Диас Бахриддин болашағы …