Басты бет / Әлем / ХАБИБ НУРМАГОМЕДОВ БОКС АҢЫЗЫ ФЛОЙД МЕЙВЕЗЕРДІ ЖЕКПЕ-ЖЕККЕ ШАҚЫРДЫ

ХАБИБ НУРМАГОМЕДОВ БОКС АҢЫЗЫ ФЛОЙД МЕЙВЕЗЕРДІ ЖЕКПЕ-ЖЕККЕ ШАҚЫРДЫ

Менеджер Дехуан Блэйк инстаграм парақшасында, Хабиб Нурмагомедовтың Флойд Мэйвезерді жекпе-жекке шақырған бейнеүндеуін жариялады.

«Кеттік, Флойд! Мен жекпе-жекке шығуға дайынмын: 50-0 — 27-0-ге қарсы. Екеуміз де ешқашан жеңілмегенбіз. Неге кездеспеске? Кеттік. Джунглиде тек бір ғана патшаға орын бар. Ол патша менмін. Себебі сен Макгрегорды құлата алмадың, ал мен оны ешқандай қиындықсыз құлаттым!», — деді Нурмагомедов.

Айта кетсек, UFC-дің жеңіл салмағындағы чемпионы Хабиб Нурмагомедов, UFC 229 додасында қарсыласы ирландиялық Конор МакГрегорды төртінші раундта қылқындыру әдісімен жеңген болатын.

Сондай-ақ

ЖАЗДА НЕЙМАРҒА ҮШ ЕУРОПАЛЫҚ КЛУБ ТАЛАСПАҚ

Football Espana басылымының мәліметінше, келесі жазғы ауысым терезесінде «ПСЖ» клубының шабуылшысы Неймар үшін үш үздік …