Құрлықтық хоккей лигасы он төртінші кезеңі аясында «Барыс» өз алаңында ригалық «Динамо» клубына қарсы ойын өткізді.
«Барыс Арена» стадионында өткен ойында, елордалық «Барыс» ойыншылары әр таймда бір—бір голдан соғып, 3:1 есебімен ригалық «Динамодан» басым түсті.
Айта кетейік, «Барыс» өткен ойынын өз алаңында өткізіп, қарсыласы братиславалық «Слованды» 3:0 есебімен жеңген болатын.
«Барыс» Құрлықтық хоккей лигасының 14-ші кезеңінен кейін, шығыс аймағында 20 ұпаймен 7-ші орында келеді.
«Барыс» келесі ойынын, 14-ші қазан күні сырт алаңда балашихте «Авангард» клубына қарсы өткізеді.
«Барыс» (Қазақстан) — «Динамо Рига» (Латвия) 3:1 (1:0, 1:0, 1:1)
Шайбылар:
1:0 Михайлис (Климонтов, Волк) 01:59
2:0 Диц (Маклюков) 39:19
3:0 Старченко (Даллмэн, Блэкер) 52:07
3:1 Виделль 56:45
Сурет: Hcbarys.kz сайтынан
DodaSport | Әлем және Қазақ спорты Спорт