Басты бет / Footbalem "ФУТБОЛ ӘЛЕМІ" / УСЭЙН БОЛТ КӘСІПҚОЙ ФУТБОЛДАҒЫ АЛҒАШҚЫ ГОЛДАРЫН СОҚТЫ

УСЭЙН БОЛТ КӘСІПҚОЙ ФУТБОЛДАҒЫ АЛҒАШҚЫ ГОЛДАРЫН СОҚТЫ

Сегіз дүркін Олимпиада чемпионы Усэйн Болт кәсіпқой футболға ауысқалы өзінің алғашқы голдарын соқты.

Австралия чемпионатында өнер көрсететін «Сентрал Кост Маринерс» клубында ойнайтын 32 жастағы Болт, «Макартур Саут Вест Юнайтед» клубына қарсы өткізген жолдастық кездесуде алаңға бірінші минуттан бастап шығып, қос голдың авторы атанды. Нәтижесінде Усэйннің командасы 4:0 есебімен жеңіске жетті.

Айта кетсек, жеңіл атлетика шебері Усэйн Болт Олимпиада ойындарының сегіз дүркін чемпионы және Әлем чемпионатының он дүркін чемпионы атанған болатын. Ол 2017-ші жылғы Әлем чемпионатынан кейін мансабын аяқтаған болатын.

Бұған дейінгі сұхбаттарында Усэйн Болт футболшы атанып, «Манчестер Юнайтед» сапында өнер көрсетуді армандайтынын айтып жүретін.

Сондай-ақ

МЕЙІРІМ НҰРСҰЛТАНОВТЫҢ ЧЕМПИОНДЫҚ ЖЕКПЕ-ЖЕГІНІҢ БЕЙНЕЖАЗБАСЫ ЖАРИЯЛАНДЫ

Ғаламторда қазақстандық кәсіпқой боксшы Мейірім Нұрсұлтановтың (9-0, 7 КО) чемпиондық белбеу үшін өткізген жекпе-жегінің бейнежазбасы …