Индонезия астанасы Джакарта қаласында 6-шы және 13-ші қыркүйек аралығында жазғы Азия Пара ойындары өтті.
Қазақстан Ұлттық құрамасының спортшылары ел қоржынына рекордты 33 медальді салды.
Спортшыларымыз 9 спорт түрінен жарыстарға қатысып, 6 спорт түрінен медальдар жиынтығын жеңіп алды. Олар: пара жүзу, пара дзюдо, пара пауэрлифтинг, пара жеңіл атлетика, пара волейбол және шахмат.
5 алтын, 15 күміс және 13 қола медальдармен жалпы командалық есепте 13-ші орын алды.
Бірінші орынды Қытай құрамасы 319 медальмен (172 алтын, 88 күміс және 59 қола) алса, екінші орынды Оңтүстік Корея құрамасы 144 медальмен (53 алтын, 45 күміс және 46 қола), ал үздік үштікті Иран Ислам Республикасының құрамасы 136 медальмен (51 алтын, 42 күміс және 43 қола) қорытындылады.
Айта кетейік, келесі 2022-ші жылғы жазғы Азия Пара ойындары Қытайдың Ханчжоу қаласында өтеді.
DodaSport | Әлем және Қазақ спорты Спорт