Данияр Елеусіновпен қарсыласы венгриялық Габор Горбич салмақ өлшеу және көз арбасу рәсімдерінен өтті.
4-ші тамыз күні Кардифф қаласындағы «Ice Arena Wales» аренасында өтетін бокс кешінде, Данияр Елеусінов (2-0, 1 КО) пен Габор Горбичпен (24-11, 14 КО) алты раундтық жекпе-жекте кездеседі.
Салмақ өлшеуде Елеусінов те, Горбич те бірдей салмақ көрсетті — 149 фунт (67,6 келі). Жартылай орта салмақтың шектеулі салмағы 147 фунтқа (66,6 келі) дейін ғана, бірақ титулдық емес жекпе-жектерде біраз артық салмақ бола береді.
Жекпе-жек тамыздың 4-нен 5-не қараған түні Астана уақыты бойынша сағат 00:30-да басталады. «Хабар» телеарнасы кездесуді тікелей көрсетілімде көрсетеді.
Данияр, кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегінде америкалық Ноа Киддті (3-1-1, 2 КО) үшінші раундта техникалық нокаутпен тізе бүктірді, ал екінші жекпе-жегінде венгриялық Золтан Сабоны (25-12, 11 КО) ұпай санымен жеңген болатын.
DodaSport | Әлем және Қазақ спорты Спорт