Басты бет / Footbalem "ФУТБОЛ ӘЛЕМІ" / «АТЛЕТИКТІҢ» ҚАҚПАШЫСЫ КЕПА «ЧЕЛСИ» КЛУБЫНА АУЫСАТЫН БОЛДЫ

«АТЛЕТИКТІҢ» ҚАҚПАШЫСЫ КЕПА «ЧЕЛСИ» КЛУБЫНА АУЫСАТЫН БОЛДЫ

«Атлетик» клубының қақпашысы Кепа Аррисабалага «Челси» ойыншысы атанады.

Лондондық клуб ойыншы үшін бильбаолық клубтың есеп шотына 80 миллион еуро аударды. Бұл сомма «Атлетик» клубының ойыншымен келісімшарт мерзімі аяқталмай сатып алу құны ретінде жазылған болатын.

Бүгін, 23 жастағы испандық 5 жылдық келісімшартқа қол қою үшін Лондонға аттанады деп күтілуде.

Кепа «Атлетик» сапында 2016-шы жылы қыркүйек айында Испания чемпионатында алғашқы ойынын өткізген, және де содан бері 53 ойынға қатысты.

Фото: Getty Images сайтынан

Сондай-ақ

АУЛА ЛИГАСЫ ЕКІ КҮНДЕ 1000-ҒА ЖУЫҚ ФУТБОЛ ӘУЕСҚОЙЛАРЫН ЖИНАДЫ

Осы сенбі және жексенбі күндері «Спорттық Алматы» бағдарламасы аясында футболдан аула командалары арасында лига өтті, …

Добавить комментарий