Басты бет / Бокс / ГЕННАДИЙ ГОЛОВКИН МЕН КАНЕЛОНЫҢ ЖЕКПЕ-ЖЕК АЛДЫНДАҒЫ АШЫҚ ЖАТТЫҒУЛАРЫНЫҢ НАҚТЫ УАҚЫТЫ БЕЛГІЛІ БОЛДЫ

ГЕННАДИЙ ГОЛОВКИН МЕН КАНЕЛОНЫҢ ЖЕКПЕ-ЖЕК АЛДЫНДАҒЫ АШЫҚ ЖАТТЫҒУЛАРЫНЫҢ НАҚТЫ УАҚЫТЫ БЕЛГІЛІ БОЛДЫ

Сауль Альварестің (49-1-2, 34 КО) промоутері Оскар де ла Хойя, өзінің боксшысы мен Геннадий Головкиннің (38-0-1, 34 КО) екінші жекпе-жектері алдындағы ашық жаттығуларының нақты уақыты мен өтетін жерін хабарлады.

Тілшілер үшін де, жанкүйерлер үшін де ашық болатын жаттығу, 26-шы тамыз күні Лос-Анджелес (Калифорния штаты, США) қаласында орналасқан «Banc of California» стадионында өтеді. Басталуы жергілікті уақыт бойынша сағат 14:00-де, ал Астана уақыты бойынша 27-ші тамыз күні сағат 01:00-де.

Бастапқыда, қос боксшыда жекпе-жекке бір апта қалғанша қандай да бір кездесулерден бас тартқан болатын. Головкиннің айтуынша бұл ұсыныс, допинг дауына іліккен Канело тарапынан болған.

Екінші жекпе-жек 15-ші қыркүйек күні Лас-Вегастағы (Невада штаты, АҚШ) «T-Mobile Arena»-да өтеді. Головкин мен Канело арасындағы бірінші жекпе-жек былтыр қыркүйек айында дәл сол Лас-Вегастағы (Невада штаты, АҚШ) «T-Mobile Arena»-да өтті. 12 раундтың қорытындысы бойынша даулы тең нәтиже тіркелген еді.

Сондай-ақ

АУЫР АТЛЕТИКАДАН ҚР ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАУ АЛАДЫ

28-ші тамыз бен 2-ші қыркүйек аралығында Талдықорған қаласында ауыр атлетикадан ерлер және әйелдер арасында ҚР …