Басты бет / Footbalem "ФУТБОЛ ӘЛЕМІ" / МЕССИ ҰЛТТЫҚ ҚҰРАМАҒА ШАҚЫРТПАУДЫ СҰРАПТЫ

МЕССИ ҰЛТТЫҚ ҚҰРАМАҒА ШАҚЫРТПАУДЫ СҰРАПТЫ

Аргентина құрамасының уақытша бас бапкері Лионель Скалони, алдағы Гватемала мен Колумбия құрамаларына қарсы өткізетін жолдастық ойындарына шақырту алған ойыншылардың тізімін жариялады.

Аргентина құрамасының бас бапкері қызметін атқарушы Скалони барлығы ұлттық құрамаға 29 ойыншыны шақырды.

Бұл жолы Лионель Месси, Николас Отаменди, Эвер Банега, Анхель Ди Мария, Гонсало Игуаин және Серхио Агуэро сияқты тәжірибелі ойыншылар шақырту алмаған.

Аргентиналық бақ өкілдерінің хабарлауынша, Месси ұлттық құрамадағы мансабын тоқтата тұруды ұйғарып, осы жылы өтетін жолдастық ойындарға шақыртпауын сұрапты.

Қақпашылар: Серхио Ромеро (Манчестер Юнайтед), Херонимо Рульи (Реал Сосьедад), Франко Армани (Ривер Плейт);

Қорғаушылар: Габриэль Меркадо (Севилья), Маркос Акунья (Спортинг), Рамиро Фунес Мори (Вильярреал), Херман Пеццелья (Фиорентина), Эдуардо Сальвио (Бенфика), Николас Тальяфико (Аякс), Вальтер Каннеманн (Гремио), Алан Франко (Индепендьенте), Леонель Ди Пласидо (Ланус), Фабрисио Бустос (Индепендьенте);

Жартылай қорғаушылар: Максимильяно Меса (Индепендьенте), Матиас Варгас (Велес), Франко Серви (Бенфика), Франко Васкес (Севилья), Джованни Ло Чельсо (ПСЖ), Леандро Паредес (Зенит), Сантьяго Аскасибар (Штутгарт), Родриго Батталья (Спортинг), Эсекиэль Паласиос (Ривет Плейт), Гонсало Мартинес (Ривер Плейт);

Шабуылшылар: Кристиан Павон (Бока Хуниорс), Анхель Корреа (Атлетико Мадрид), Лаутаро Мартинес (Интер), Мауро Икарди (Интер), Джованни Симеоне (Фиорентина), Пауло Дибала (Ювентус).

Гватемалаға қарсы кездесу 7-ші қыркүйекте Лос-Анджелесте өтеді, ал Колумбияға қарсы ойын 11-ші қыркүйекте Нью-Йоркте өтеді.

Сурет: Getty Images сайтынан

Сондай-ақ

«РЕАЛ МАДРИД» ЖАҢА МАУСЫМНЫҢ АЛҒАШҚЫ ОЙЫНЫНДА СЕНІМДІ ЖЕҢІСКЕ ЖЕТТІ

Хулен Лопетегидің шәкірттері «Хетафемен» өткен жаңа маусымның бірінші ойынында ешқандай қиындықсыз 2:0 есебімен жеңіске жетті. …