Париждік клубтың шабуылшысы Килиан Мбаппе «Генгамға» қарсы өткен ойынның нәтижесін шешіп кетті.
Франция чемпионатының 2-ші кезеңінде «ПСЖ» сырт алаңда «Генгамға» қарсы ойын өткізіп, бірінші таймда алаң иелеріне 1:0 есебімен жеңіліп жатты.
«ПСЖ» клубының бас бапкері Томас Тухель, екінші таймның 1-ші минуттарынан бастап алаңға Килиан Мбаппені шығаруға мәжбүр болды. Француздық ойыншы ойыншы алаңға шыққаннан кейін, Неймар пенальтиден гол соқса, ал Мбаппе бапкердің сенімін ақтап екі гол соғып, командасын жеңіске жеткізді.
«Генгам» 1:3 «ПСЖ»
Голдар: 20′ Ру – 53′ Неймар, 82′, 90′ Мбаппе.
«Генгам»: Юнссон – Ребошу, Эбоа-Эбоа, Икоко, Кербра – Коко, Дидо (Сорбон 81′), Блас, Бенезе (Роделен 66′) – Тюрам (Салибур 75′), Ру.
«ПСЖ»: Буффон – Маркиньос, Менье, Дагба, Тиаго Силва – Нкунку (Диаби 74′), Бернед (Ло Чельсо 80′), Рабио, Ди Мария, Неймар, Веа (Мбаппе 46′).
Сурет: Gety Images сайтынан