Басты бет / Footbalem "ФУТБОЛ ӘЛЕМІ" / АГУЭРО АПЛ-ДАҒЫ ТОҒЫЗЫНШЫ ХЕТ-ТРИГІН ЖАСАДЫ

АГУЭРО АПЛ-ДАҒЫ ТОҒЫЗЫНШЫ ХЕТ-ТРИГІН ЖАСАДЫ

Ағылшын Премьер-лигасының 2-ші кезеңі аясында, «Манчестер Сити» «Хаддерсфилдті» ірі 6:1 есебімен жеңді. Ал қалалықтардың шабуылшысы Серхио Агуэро үш гол соқты.

Агуэро Ағылшын Премьер-лигасындағы тоғызыншы хет-тригін жасады, және де бұл көрсеткіш бойынша екінші орынға шықты. Ал бірінші орында он бір хет-трик жасаған Алан Ширер («Саутгемтон», «Блэкберн», «Ньюкасл»).

Сондай-ақ, 30 жастағы Серхио Агуэро АПЛ-дағы шет елдік ойыншылар арасында гол соғу көрсеткіші бойынша, 146 голмен екінші орынға шықты. Ол «Арсенал» және «Манчестер Юнайтед» клубтарының бұрынғы шабуылшысы, 144 гол соққан Робин ван Персиді басып озды.

Ағылшын Премьер-лигасының тарихында ең көп гол соққан шет елдік ойыншы, 175 гол соққан «Арсенал» клубының бұрынғы шабуылшысы Тьерри Анри.

Сурет: Getty Images сайтынан

Сондай-ақ

САҒАДАТ РАХМАНҚҰЛОВ «TOP RANK»-ТЕГІ АЛҒАШҚЫ ЖЕКПЕ-ЖЕГІНДЕ ЖЕҢІСКЕ ЖЕТТІ

«Top Rank Promotions» промоутерлік компаниясымен келісімшартқа отырған қазақстандық кәсіпқой боксшы Сағадат Рахманқұлов (2-0, 1 КО) …