Басты бет / Басқа түрлер / ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН АСТАНАДА ӨТЕТІН АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ЖҮЛДЕ ҚОРЫ БЕЛГІЛІ БОЛДЫ

ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН АСТАНАДА ӨТЕТІН АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ЖҮЛДЕ ҚОРЫ БЕЛГІЛІ БОЛДЫ

Қазақ күресінен Астанада өтетін биылғы чемпионатқа 11 мемлекеттен 80 балуан қатысады. 26-тамызда жалауын желбірететін біріншілікте спортшылар 8 салмақ дәрежесі бойынша бақ сынайды.

Халықаралық Qazaq kuresi федерациясының бас хатшысы Азамат Тілеулесовтың айтуынша, чемпионаттың жүлде қоры 20 мың АҚШ доллары шамасында. Жеңіске жеткен әрбір балуанға 1000 доллардан берілсе, күміс жүлдегерге 500, үшінші орынға 300 доллардан табысталады. Абсолюттік салмақ дәрежесі бойынша чемпион болған спортшыға 3000 доллар, екінші орынға 1500 доллар, қола жүлдегерге 1000 доллар беріледі.

Сайыста 16 төреші қызмет етеді. Қазақстаннан өзге, Грузия, Өзбекстан, Литва, Украина елдерінен іріктелген қазылар төрелік етеді.

Дереккөз: Kazsport.kaztrk.kz

Сондай-ақ

ДЖЕЙКОБС ПЕН ДЕРЕВЯНЧЕНКО БІРІНШІ РЕТ КӨЗ АРБАСУ РӘСІМІН ӨТКІЗДІ

Геннадий Головкиннен тартып алынған орта салмақтағы IBF нұсқасы бойынша әлем чемпионы белбеуі үшін жекпе-жек өткізетін, …