Басты бет / Tukeshov Team / ҚАЗАҚСТАНДЫҚ КӘСІПҚОЙ БОКСШЫ ЧЕМПИОНДЫҚ БЕЛБЕУ ҮШІН ЖЕКПЕ-ЖЕК ӨТКІЗЕДІ

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ КӘСІПҚОЙ БОКСШЫ ЧЕМПИОНДЫҚ БЕЛБЕУ ҮШІН ЖЕКПЕ-ЖЕК ӨТКІЗЕДІ

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Бобыржан Момынов (7-0, 6 КО) Қазақ елінде титулдық кездесу өткізетінін жариялады.

15-ші қыркүйек күні Ақтөбе қаласында «Tukeshov Boxing Promotions» промоутерлік компаниясының ұйымдастырылуымен өтетін бокс кешінің басты жекпе-жегінде, Бобыржан Момынов WBC ACBO Continental құрлық аралық белбеуіне таласады.

Кездесу 10 раундқа жоспарланған. Қарсыласының есімі әзірге белгісіз.

Сондай-ақ, бұл бокс кешінде Ибрагим Ескендір, Еділ Қожамбердиев, Арман Рысбек, Уәлиxан Бисенқұлов, Айдос Ербосынұлы, Руслан Мырсатаев және т.б. боксшыларымыз шаршы алаңға көтерілмек. Жерлестеріміздің қарсыластары әзірге белгісіз.

Сурет: «bobirzhan_mominov» Instagram парақшасынан

Сондай-ақ

АУЫР АТЛЕТИКАДАН ҚР ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАУ АЛАДЫ

28-ші тамыз бен 2-ші қыркүйек аралығында Талдықорған қаласында ауыр атлетикадан ерлер және әйелдер арасында ҚР …