Құрлықтық хоккей лигасының 2018/2019 маусымындағы төртінші кезеңі аясында «Барыс» өз алаңында «Нефтехимикке» қарсы ойын өткізді.
Астанада өткен ойында «Барыс» тағы да есептегі өз басымдылығын сақтап қала алмады. Алғашқы екі таймның қорытындысы бойынша елордалық клуб 4:2 есебімен жеңіп жатқан болатын. Ал үшінші таймда Нижнекамсктік клубтың ойыншылары есепті теңестіріп, қосымша таймда 4:5 есебімен жеңіске жетті.
Келесі ойынын «Барыс» хоккей клубы 14-ші қыркүйек күні Астана қаласында Қазандық «Торпедо» хоккей клубына қарсы өткізеді.
Сурет: Hcbarys.kz сайтынан
DodaSport | Әлем және Қазақ спорты Спорт