Танымал «Top Rank Promotions» промоутерлік компаниясының Қазақстандық боксшысы Жәнібек Әлімханұлының (2-0, 1 КО) АҚШ-тағы алғашқы жекпе-жегіндегі қарсыласының есімі белгілі болды.
Жәнібек өзінің Instagram-дағы парақшасында, 28-ші қыркүйек күні Окландта (Калифорния штаты, АҚШ) өтетін жекпе-жегіндегі қарсыласы колумбиялық Карлос Гальван (16-7-1, 15 КО) болатынын хабарлады.
Айта кетейік, Жәнібек Әлімханұлы маусым айында атақты Боб Арумның промоутерлік компаниясы «Top Rank Promotions»-пен келісімшартқа отырған еді. Арумның компаниясы украиндық Василий Ломаченко және америкалық Теренс Кроуфорд сынды боксшылардың ісін жүргізеді.
Сондай-ақ, Жәнібек мамыр айында 2017-шы жылдың ең үздік менеджері атанған Эгис Климаспен келісімшартқа отырған болатын.
DodaSport | Әлем және Қазақ спорты Спорт