Басты бет / Күш қолданылатын спорт түрлері / ҚАЗАҚСТАНДЫҚ АРАЛАС ЖЕКПЕ-ЖЕК ШЕБЕРІ FIGHT NIGHTS-ТА ҮЗДІК ОНДЫҚҚА КІРДІ

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ АРАЛАС ЖЕКПЕ-ЖЕК ШЕБЕРІ FIGHT NIGHTS-ТА ҮЗДІК ОНДЫҚҚА КІРДІ

Ресейлік Fight Nights промоушені ресми сайтында, салмақ дәрежелеріне қарамастан (pound-for-pound) ең үздік жауынгерлердің жаңартылған тізімін жариялады.

Үздік ондыққа екі қазақстандық енді — олар, алтыншы орындағы Георгий Кичигин және осы жақында чемпиондық белбеуді жеңіп алған Жалғас Жұмағұлов тоғызыншы орында.

Айта кетсек, Аралас жекпе-жектен 31-ші тамыз күні Астана қаласында өткен кеште, Жалғас Жұмағұлов қарсыласы ресейлік Тагир Уланбековты 5 раундтың қорытындысы бойынша, төрешілердің шешімімен жеңіп, аса жеңіл салмақтың (56.7 келі) чемпионы атанды.

Fight Nights-тың P4P бойынша үздік ондығы:

1. Фабио Мальдонадо (Бразилия)
2. Ахмед Алиев (Ресей)
3. Роман Копылов (Ресей)
4. Тагир Уланбеков (Ресей)
5. Томаш Дэк (Словакия)
6. Георгий Кичигин (Қазақстан)
7. Александр Матмуратов (Ресей)
8. Леван Макашвили (АҚШ)
9. Жалғас Жұмағұлов (Қазақстан)
10. Али Багаутинов (Ресей)

Сондай-ақ

САУЛЬ АЛЬВАРЕС ЧЕМПИОНДЫҚ БЕЛБЕУСІЗ ҚАЛДЫ

Халықаралық бокс ұйымы (IBO) Сауль Альварестен чемпиондық белбеуді тартып алуды жөн санады. Ұйымның ресми хабарламасында …