Құрлықтық хоккей лигасы 2018/2019 маусымының бесінші кезеңі аясында «Барыс» өз алаңында «Торпедоға» қарсы ойын өткізеді.
Астана қаласында өтетін кездесу жергілікті уақытпен сағат 19:30-да басталады. «QazSport» телеарнасы ойынды тікелей эфирде көрсетеді.
Айта кетейік, «Барыс» өткен ойынын Астана қаласында өткізіп, қарсыласы Нижнекамсктің «Нефтехимик» клубына қосымша таймда 4:5 есебімен есе жіберген болатын.
Сондай-ақ, бұл «Барыс» клубының Нижний Новгородтік «Торпедо» клубына қарсы өткізетін екінші ойыны болмақ. Нижний Новгород қаласында өткен кездесуде, «Торпедо» клубы 6:5 есебімен жеңіске жеткен еді.
Сурет: «Qazsporttv» Instagram парақшасынан
DodaSport | Әлем және Қазақ спорты Спорт