Испандық Ла Лига 10-шы кезеңдегі «Барселона» мен «Реал Мадрид» арасындағы ойынның өткізілетін нақты күні мен уақытын белгіледі.
Маусымның бірінші Класикосы 28-ші қазан күні жергілікті уақытпен сағат 16:15-те басталады (Астана уақыты бойынша сағат 21:15-те).
Бұл ақпаратты Ла Лига президенті Хавьер Тебас, Onda Cero радиосының El Transistor бағдарламасының эфирінде хабарлады.
Екінші айналымның 26-шы кезеңінде Мадрид қаласында өтетін ойын, әзірге 2019-шы жылдың 3-ші наурызына жоспарланған.
DodaSport | Әлем және Қазақ спорты Спорт