Басты бет / Басқа түрлер / Баскетбол / БАСКЕТБОЛДАН ҚАЗАҚСТАН ҚҰРАМАСЫ ЖАПОНИЯҒА ЖОЛ БЕРДІ

БАСКЕТБОЛДАН ҚАЗАҚСТАН ҚҰРАМАСЫ ЖАПОНИЯҒА ЖОЛ БЕРДІ

Баскетболдан Қазақстан құрамасының капитаны Рустам Ерғали Жапонияға қарсы өткен ойынды қорытындылады.

Еске сала кетейік, бүгін Алматыда 2019 жылғы әлем чемпионатына іріктеу айналымының екінші кезеңі өтіп, Қазақстан мен Жапония құрамалары ойнаған болатын.

Тартысты матчта қазақстандықтар Жапониядан 70:85 есебімен ұтылды.

«Өте ауыр матч өткіздік. Жапония мықты команда. Біз физикалық тұрғыдан ақсадық, олардың комбинациялары мен қимыл-қозғалысына төтеп бере алмадық. Десе де, олардың ойын мәнерін жақсы түсінген едік. Қобалжу да әсер етті.

Ендігі басты мақсат — әрі қарай жаттығып, шеберлігімізді арттыру», — дейді Рүстем Ерғали.

Дереккөз: Olympic.kz

Сондай-ақ

САУЛЬ АЛЬВАРЕС ЧЕМПИОНДЫҚ БЕЛБЕУСІЗ ҚАЛДЫ

Халықаралық бокс ұйымы (IBO) Сауль Альварестен чемпиондық белбеуді тартып алуды жөн санады. Ұйымның ресми хабарламасында …