Басты бет / Бокс / АЙДОС ЕРБОСЫНҰЛЫ ЧЕМПИОНДЫҚ БЕЛБЕУ ҮШІН ЖЕКПЕ-ЖЕКТЕ ЖЕҢІСКЕ ЖЕТТІ

АЙДОС ЕРБОСЫНҰЛЫ ЧЕМПИОНДЫҚ БЕЛБЕУ ҮШІН ЖЕКПЕ-ЖЕКТЕ ЖЕҢІСКЕ ЖЕТТІ

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Айдос Ербосынұлы (8-0, 7 КО) кәсіпқой бокстағы тоғызыншы жекпе-жегін өткізді.

Ақтөбе қаласында «Tukeshov Boxing Promotions» промоутерлік компаниясының ұйымдастырылуымен өткен бокс кешінде, отандасымыз Айдос Ербосынұлы қарсыласы беларусиялық Александр Сущицті (22-4, 12 KO) жеңіп, WBC ABCO Continental тұжырымы бойынша Азия чемпионы белбеуінің иегері атанды.

Естеріңізде болса, Айдос Ербосынұлы 7-ші шілде күні Астанада өткен бокс кешінде, әзербайжандық Исмат Эйнуллаевты 1-ші раундта техникалық нокаутпен жеңіп, WBA ASIA COUS белбеуінің иегері атанған болатын.

Айта кетейік, бокс кешінің басты жекпе-жегінде Бобыржан Момынов қарсыласы грузиялық боксшы екінші раундта техникалық нокутпен жеңіп, жартылай орта салмақта NBA Internatcional және WBC ABCO Continental тұжырымдары бойынша чемпион атанды.

Сурет: «Yerbosynuly_aidos» Instagram парақшасынан

Сондай-ақ

ЧЕМПИОНДАР ЛИГАСЫ: «БАРСЕЛОНА» — «ПСВ» ОЙЫНЫ ТІКЕЛЕЙ КӨРСЕТІЛІМДЕ

УЕФА Чемпиондар Лигасы 2018-2019 маусымының топтық кезеңі басталады. Бірінші болып B тобындағы «Барселона» — «ПСВ» …