Басты бет / Footbalem "ФУТБОЛ ӘЛЕМІ" / ФУТЗАЛ: «ҚАЙРАТ» ЧЕМПИОНДАР ЛИГАСЫНДАҒЫ ЕКІНШІ ОЙЫНЫН ӨТКІЗДІ

ФУТЗАЛ: «ҚАЙРАТ» ЧЕМПИОНДАР ЛИГАСЫНДАҒЫ ЕКІНШІ ОЙЫНЫН ӨТКІЗДІ

Футзалдан Чемпиондар Лигасының негізгі кезеңінің екінші ойындары аясында «Қайрат» португалиялық «Спортинг» командасына қарсы кездесу өткізді.

Жеребе нәтижесі бойынша «Қайрат» төртінші топта «Спортинг» (Португалия), «Лид» (Беларусия) және «Феникс» (Косово) командаларымен ойнайды. Кездесулер 3-ші және 6-шы қазан аралығында Косовода өтуде.

Алматылық «Қайрат» бірінші ойынын жергілікті «Феникс» командасына қарсы өткізіп, 3:7 есебімен жеңген болатын.

Кака шәкірттері екінші ойынын португалиялық «Спортинг» командасына қарсы өткізіп, өте тартысты өткен кездесуде 2:1 есебімен жеңіске жетті.

Осылайша, «Қайрат» қатарынан екі жеңісі арқылы Чемпиондар лигасының элиталық кезеңіне жолдама алды. Енді «Қайрат» келесі ойын 6-шы қазан күні беларусиялық «Лид» командасына қарсы өткізеді.

«Қайрат» (Қазақстан) 2:1 «Спортинг» (Португалия)

Голдар: Тайнан 5, Ранжел 12 – Эрик 14.

«Қайрат»: Игита, Ранжел, Джон Леннон, Диего Фаверо, Нургожин, Дуду, Жаманкулов, Эдсон, Сулейменов, Тайнан, Турсагулов, Тайеби, Оразов, Есенаманов.

«Спортинг»: Гуитта, Эрик, Део, Диегиньо, Кавинато, Гонсалу, Андре Соуза, Лео, Эдгар Варела, Жоау Матуш, Роша, Алекс Мерлим, Пани Варела, Дос Сантос.

Сурет: Afckairat.kz сайтынан

Сондай-ақ

ЖАЗДА НЕЙМАРҒА ҮШ ЕУРОПАЛЫҚ КЛУБ ТАЛАСПАҚ

Football Espana басылымының мәліметінше, келесі жазғы ауысым терезесінде «ПСЖ» клубының шабуылшысы Неймар үшін үш үздік …