Басты бет / Күш қолданылатын спорт түрлері / Дзюдо / БЕКАРЫС СӘДУАҚАС АРАЛАС КОМАНДАЛЫҚ СЫНДА ОЛИМПИАДАНЫҢ ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕРІ АТАНДЫ

БЕКАРЫС СӘДУАҚАС АРАЛАС КОМАНДАЛЫҚ СЫНДА ОЛИМПИАДАНЫҢ ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕРІ АТАНДЫ

Буэнос-Айрестегі жасөспірімдер Олимпиадасында дзюдошылар додасы аяқталды. Қазақ балуаны Бекарыс Сәдуақас аралас командалық сында қола медаль жеңіп алды.

Бекарыс Эквадор, Австрия, Алжир, Бразилия, Перу, Канада және Бахрейн спортшыларымен бірге «Лондон» командасының намысын қорғаған болатын.

Жартылай финалда «Лондон» аралас командасы «Бейжің» командасынан жеңіліп, турнирдің қола жүлдегері атанды.

Еске сала кетейік, Бекарыс Сәдуақас 100 келіге дейінгі салмақта жасөспірімдер Олимпиадасының чемпионы атанған болатын.

Дереккөз: Olympic.kz

Сондай-ақ

ЖАЗДА НЕЙМАРҒА ҮШ ЕУРОПАЛЫҚ КЛУБ ТАЛАСПАҚ

Football Espana басылымының мәліметінше, келесі жазғы ауысым терезесінде «ПСЖ» клубының шабуылшысы Неймар үшін үш үздік …