Қазақстан чемпионы Алексей Луценко Түркия Президенттік турының патшалық кезеңінде алдына жан салмады. Отандасымыз 206,9 шақырым жол жүрген соң финалдық асуда спринтті жеңді.
Осы бір керемет жеңістен соң, Алексей Луценко жалпы жарыстың жаңа көшбасшысына айналды.
— Бұл өте ұзақ әрі қиын кезең болды. Мен қазір жақсы спорттық бабымда жүрмін деп есептеймін. Соның арқасында соңғы асуды керемет бағындырдым. Маусымның соңғы жарысында жеңіске жеткеніме дән ризамын. Бұл мен үшін де, менің командам үшін де өте жақсы көрсеткіш. Сонымен қатар, бүкіл командаға маусым бойы көрсеткен жанкештілігі үшін алғысымды білдіремін. Алдымызда «Түркия турының» тағы екі кезеңі бар. Сондықтан да мақсатымыз Ыстамбұлға дейінгі тұғырға жеңімпаз жейдесімен жету болып тұр, — деді Алексей Луценко.
Алда болатын екі жүйкелі турдың алдында Алексей Луценко Диего Улиссиден 4 секундтық басымдылық алып отыр. Ал үшінші орындағы Эдуард Прадостан 6 секундтық айырмашылығы бар.
Дереккөз: Astanaproteam.kz
Сурет: Bettiniphoto.net сайтынан
DodaSport | Әлем және Қазақ спорты Спорт