Басты бет / Footbalem "ФУТБОЛ ӘЛЕМІ" / ҰЛТТАР ЛИГАСЫ: ҚАЗАҚСТАН СЫРТ АЛАҢДА ТАҒЫ ДА ТЕҢ ОЙНАДЫ

ҰЛТТАР ЛИГАСЫ: ҚАЗАҚСТАН СЫРТ АЛАҢДА ТАҒЫ ДА ТЕҢ ОЙНАДЫ

УЕФА Ұлттар лигасының үшінші кезеңі аясында, Қазақстан Ұлттық құрамасы сырт алаңда Латвия құрамасымен кездесу өткізіп, ойын 1:1 есебімен тең аяқталды.

Рига қаласының «Даугава» стадионында өткен ойында Қазақстан Ұлттық құрамасының үш ұпайды алатын жақсы мүмкіндіктері болған еді. Кездесу де ел құрамасы үшін сәтті басталды, ойынның 16-шы минутында Дмитрий Шомконың пасынан Бақтиер Зайнутдинов гол соғып, есепті 0:1-ге жеткізді. Одан кейін де есепті еселейтін мүмкіндіктер болғанымен қарсылас қақпасына доп дарымады. Ал ойынның 40-шы минутында алаң иелерінің ойыншысы, оралдық «Ақжайықта» ойнайтын Артур Карашаускс гол соғып есепті теңестіріп кетті.

Екінші таймда қос құраманың да жеңіске жететін мүмкіндіктері болғанмен, ешқайсысы гол соға алмай ойын тең нәтижемен аяқталды.

Бұл тең нәтиже Грузия құрамасына қолайлы болды. Себебі, D лигасының 1-ші тобында көш басында тұрған Грузия құрамасына жақындау үшін, Қазақстан Ұлттық құрамасы бұл ойында үш ұпайды алуды міндетті болған еді.

Енді Қазақстан Ұлттық құрамасы келесі ойынын 16-шы қазан күні өз алаңында Андорра құрамасына қарсы өткізеді.

Сурет: Kff.kz сайтынан

Сондай-ақ

ЖАСӨСПІРІМДЕР ОЛИМПИАДАСЫ: ТОҒЫЗЫНШЫ ЖАРЫС КҮНІНІҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ

Буэнос-Айресте жасөспірімдер Олимпиадасының тоғызыншы жарыс күні аяқталды. Каноеде есуден Олимпиада чемпионы атанған Диас Бахриддин болашағы …