Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы, Сочи Олимпиадасының қола жүлдегері Денис Тен «мұздағы Юри» атты Жапон анимациялық фильмінің кейіпкері атанды.
Anime Japan 2016 фильмінің тұсаукесері қазан айында өтеді деп жоспарланған.
Фильмде Жапондық мәнерлеп сырғанаушы Кацуки Юридің өмірі бейнеленеді. Бітпейтін жеңілістен соң Юри спортты тастап, ауылына кетіп қалады. Кейін болған оқиғалар, достарының қолдауы арқылы ол бар қиындықты жеңіп, мұз айдынына қайта оралады. Мәнерлеп сырғанаушылардың жарысына әлемнің ең атақты деген спортшылары қатысады. Ішінде Денис Тен де бар.
Юридің бәсекелесі ретінде көрсетілген Денистің рөліне өздеріңіз кейін бағасын берерсіздер.
Анимациялық фильмнің режиссері — Ямамото Саё, сценаристі — Кубо Мицуро, дизайнері — Хирамацу Тадаси.
DodaSport | Әлем және Қазақ спорты Спорт