Осы күнгі архивтер: 23.08.2018

НОВАК ДЖОКОВИЧ US OPEN ДОДАСЫНА ҚАТЫСПАҚ

«Мастерс» додаларын түгелдей жеңіп, теннис тарихына жаңашылдық енгізген Новак Джокович енді осы жетістігін US Open-де қайталағысы келеді. Дәл қазір Америкада теннистен жылдың басты бәсекесі басталды. Іріктеу сындарынан аттап өтіп, жарысқа бірінші айналымнан қатысатын сербиялық теннисші қазір демалып жүр. Жанкүйерлерімен кзедесіп, өз жоспарларымен бөлісті. Әсіресе, дәл осы Үлкен Дулыға сериясына кіретін …

толық оқу»

АЗИАДА ОЙЫНДАРЫНЫҢ КӨРСЕТІЛІМІНЕН ҰЛТТЫҚ ТЕЛЕАРНАЛАРДЫҢ БАС ТАРТУ СЕБЕБІ

«Қазақстан» РТРК» АҚ Басқарма төрағасы Ерлан Қарин телекөрермендер мен спорт жанкүйерлеріне Индонезияда өтіп жатқан XVIII Жазғы Азия ойындарының «Qazaqstan» және «Qazsport» арналарынан таратылмау себебін түсіндірді. «Құрметті достар! «Qazsport» телеарнасы, жалпы «Қазақстан» корпорациясы мүмкіндігінше бірқатар ауқымды спорттық шараларды көрсету құқығын алуға барынша атсалысып келеді. Қазіргі кезде Индонезияда өтіп жатқан Азиада ойындарын …

толық оқу»

ФУТЗАЛДАН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ҚАТЫСУШЫЛАРЫ АЛМАТЫНЫҢ АУЛАЛАРЫНДА ШЕБЕРЛІК САБАҚТАРЫН ӨТКІЗДІ

Бүгін Алматыда футзалдан студенттер арасындағы әлем чемпионаты қатысушыларының шебелік сабақтарын өткізді. Балаларға өз шеберліктерімен Қазақстан, Германия, Аргентина және Украина құрамалары бөлісті, деп ақпараттық және спорттық ХАБ хабарлайды. Спорттық шара таңнан бастап қала аулаларындағы алаңдарда Алматы қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Рүстем Байсеитовтың қатысуымен өткізілді. Ең алдымен Сайран көлі …

толық оқу»

АЗИАДА-2018: ӘДІЛБЕК МУСИН СУДА ЖҮЗУДЕН ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ

Бүгін Қазақстан құрамасының қоржыны тағы бір қола жүлдемен толықты. 50 метрге баттерфляй әдісімен жүзуде Әділбек Мусин қола медаль иеленді. Әділбектің уақыт көрсеткіші — 23.73. Бұл осы қашықтықтағы Қазақстанның жаңа рекорды! Алтын жүлде иеленген сингапурлық спортшы 23.61, күміс жүлдегер қытайлық 23.65 уақыт көрсеткішінде мәреге келді. Әділбек Мусин іріктеу айналымын да осындай …

толық оқу»

ТАЭКВОНДОШЫ ЕРАСЫЛ ҚАЙЫРБЕК АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНЫҢ ҚОЛАСЫН ЖЕҢІП АЛДЫ

Таэквондодан 68 келі салмақта сынға түскен Ерасыл Қайырбек Азия ойындарының қола жүлдегері атанды. Жартылай финалдық бәсекеде Ерасыл кореялық спортшыдан 10:32 есебімен жеңіліп қалды. Таэквондо ережесі бойынша, жартылай финалда ұтылған спортшы қола жүлдегер атанады. Дереккөз: Olympic.kz

толық оқу»

АЗИАДА-2018: МАРИЯ ДМИТРИЕНКО СТЕНД АТУДАН ҚОЛА МЕДАЛЬ ЖЕҢІП АЛДЫ

Қазақстан құрамасы Азия ойындарындағы кезекті қола медальға қол жеткізді. Мария Дмитриенко стенд атудан үздіктер қатарында. «Дубль-трап» бағдарламасы бойынша сынға түскен Дмитриенко жалпы есебі 125 ұпай жинады. Алтын және күміс медаль тиісінше 136, 134 ұпай жинаған Қытай қыздарынының еншісінде кетті. Еске сала кетейік, Мария «трап» бағдарламасы бойынша іріктеу айналымында Азия ойындарының …

толық оқу»

VAR ЖҮЙЕСІ ЧЕПИОНДАР ЛИГАСЫНЫҢ ОСЫ МАУСЫМЫНАН ҚОЛДАНЫЛА БАСТАУЫ МҮМКІН

УЕФА еуропаның ең беделді додасында төрешіге көмек ретінде бейнекөмекші жүйесін қолданып көрмек. VAR жүйесі биыл өткен Әлем чемпионатында, бірқатар даулы сәттерде дұрыс шешімдер шығаруға септігін тигізген болатын. The Times басылымының хабарлауынша, УЕФА бұл жүйені қолдану жағын қарастыруда. Ай соңына дейін ұйымның жиыны өтпек, сол жерде жүйенің Чемпиондар лигасының биылғы маусымында …

толық оқу»

АЗИАДА-2018: АЛЕКСЕЙ ЛУЦЕНКО АСА ТАРТЫСТЫ БӘСЕКЕДЕ АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНЫҢ АЛТЫНЫН ЖЕҢІП АЛДЫ

Азия ойындарында велоспорттан топтық жарыс аяқталып, қазақстандық Алексей Луценко чемпион атанды. 150 шақырымға созылған жарыс аса тартысты өтті. Әсіресе, мәреге жақындаған тұста медальға үміткер бес спортшы барын салды. Алексей Луценко екі жапондық және екі таиландтық велоспортшының көрсеткен қысымына қарамастан, мәре сызығын бірінші болып кесті. Луценконың уақыт көрсеткіші — 3:25:25. Күміс …

толық оқу»

АЗИАДА-2018: АЛЕКСАНДРА ОПАЧАНОВА АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНДА ҮЗДІК ҮШТІККЕ ЕНДІ

Бүгін Палембангта академиялық есуден әйелдер арасындағы жекелей сында Александра Опачанова үздіктер қатарына енді. Ол Қытай және Тайпей спортшыларын алға жіберіп, мәреге үшінші болып келді. Бұл академиялық есуден биылғы Азия ойындарында жеңіп алған тұңғыш жүлдеміз. Дереккөз: Olympic.kz

толық оқу»

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ КӘСІПҚОЙ БОКСШЫ ЧЕМПИОНДЫҚ БЕЛБЕУ ҮШІН ЖЕКПЕ-ЖЕК ӨТКІЗЕДІ

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Бобыржан Момынов (7-0, 6 КО) Қазақ елінде титулдық кездесу өткізетінін жариялады. 15-ші қыркүйек күні Ақтөбе қаласында «Tukeshov Boxing Promotions» промоутерлік компаниясының ұйымдастырылуымен өтетін бокс кешінің басты жекпе-жегінде, Бобыржан Момынов WBC ACBO Continental құрлық аралық белбеуіне таласады. Кездесу 10 раундқа жоспарланған. Қарсыласының есімі әзірге белгісіз. Сондай-ақ, бұл бокс …

толық оқу»