Осы күнгі архивтер: 15.10.2018

АЛЕКСЕЙ ЛУЦЕНКО ВЕЛО МАУСЫМДЫ ТҮРКИЯ ТУРЫНЫҢ КҮМІС ЖҮЛДЕСІМЕН АЯҚТАДЫ

Қазақстан чемпионы Алексей Луценко вело маусымды жоғары деңгейде аяқтап, Түркия Президенттік турының күміс жүлдегері атанды. Түркия Президенттік турының соңғы кезеңі Ыстамбұл қаласында мәресіне жетті. «Астана» шабандоздары жалпы бұл жарысты жақсы деңгейде өткізді деп айтуға болады. Алексей Луценко үшін де биылғы маусым өте сәтті өтті. Ол маусымдағы өзінің ең алғашқы жарысы …

толық оқу»

ҮШ ОТАНДАСЫМЫЗ БЕЛОРУССИЯДА ӨТКЕН ДОДАДА ЖЕҢІСКЕ ЖЕТТІ

Минск қаласындағы халықаралық жарыс өз мәресіне жетті. Қазан айының 9 мен 13 аралығында Беларусь Республикасының астанасында Кеңес одағының батыры Виктор Ливенцев атындағы XVI халықаралық турнир өтті. «Уручье» спорт кешенінде жалауын көтерген жарысқа 19 елдің былғары қолғап шеберлері қатысты. 69 келіде жерлесіміз Сабыржан Бекбергенов Израиль мемлекетінің өкілі Мирослав Капулерді финалда жеңіп …

толық оқу»

ҰЛТТАР ЛИГАСЫ: ИСПАНИЯ — АНГЛИЯ ОЙЫНЫ ТІКЕЛЕЙ КӨРСЕТІЛІМДЕ

УЕФА Ұлттар лигасының төртінші кезеңі аясында Испания құрамасы өз алаңында Англия құрамасын қабылдайды. Ойын бүгін, 15-ші қазаннан 16-шы қазанға қараған түні, Севилья қаласының «Бенито Вильямарин» стадионында өтеді. Астана уақыты бойынша сағат 00:45-те басталатын кездесуді отандық «Qazaqstan» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді. Ойынға поляк маманы Шимон Марчиняк өз тобымен төрелік ететін болады. …

толық оқу»

МЕЙІРІМ НҰРСҰЛТАНОВТЫҢ ЧЕМПИОНДЫҚ ЖЕКПЕ-ЖЕГІНІҢ БЕЙНЕЖАЗБАСЫ ЖАРИЯЛАНДЫ

Ғаламторда қазақстандық кәсіпқой боксшы Мейірім Нұрсұлтановтың (9-0, 7 КО) чемпиондық белбеу үшін өткізген жекпе-жегінің бейнежазбасы пайда болды. Лас-Вегас қаласында (Невада штаты) өткен бокс кешінде, Мейірім Нұрсұлтанов қарсыласы америкалық Джамар Фримэнді (15-6-2, 8 КО) сегіз раундтың қорытындысы бойынша, төрешілердің бірауыздан шешімімен 80-71, 80-71, 80-71 есептерімен жеңді. Екінші раундта Мейірім қарсыласын нокдаунға …

толық оқу»

ҰЛТТАР ЛИГАСЫ: ИСЛАНДИЯ — ШВЕЙЦАРИЯ ОЙЫНЫ ТІКЕЛЕЙ КӨРСЕТІЛІМДЕ

УЕФА Ұлттар лигасының төртінші кезеңі аясында Исландия құрамасы мен Швейцария құрамасы кездеседі. Ойын бүгін, 15-ші қазаннан 16-шы қазанға қараған түні, Рейкьявик қаласында өтеді. «QazSport» телеарнасы ойынды тікелей эфирде көрсетеді, ал басталуы Астана уақыты бойынша сағат 00:45-те. Ойынға швециялық маман Андреас Экберг өз командасымен төрелік ететін болады. Айта кетсек, Ұлттар лигасының …

толық оқу»

ЖАСӨСПІРІМДЕР ОЛИМПИАДАСЫ: СЕГІЗІНШІ ЖАРЫС КҮНІНІҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ

Буэнос-Айрестегі жасөспірімдер Олимпиадасы жалғасуда. Қазақстандық баскетболшылардың (3х3) сәтсіздік сериясы аяқталар емес. Кеше екі матч өткізген біздің команда екеуінде де жеңіліс тапты. Алексей Еропкин шәкірттері Италиядан 12:21, Латвиядан 16:19 есебімен ұтылды. Регбиден Қазақстан қыздар командасы екі кездесу өткізіп, біреуінде жеңіске жетті. Тунисті 24:5 есебімен тізе бүктірген жас спортшылар Колумбияға 0:36 есебімен …

толық оқу»

ҚХЛ: «БАРЫС» СЫРТ АЛАҢДА «АВАНГАРДТАН» ЖЕҢІЛДІ

Құрлықтық хоккей лигасы он бесінші кезеңі аясында «Барыс» сырт алаңда омскілік «Авангардқа» қарсы ойын өткізді. «Балашиха Арена» стадионындағы ойын өте тартысты өтті. Елордалық «Барыс» үш таймда да бір шайбыдан соғып алдыға шығып отырған алаң иелерінің қақпасына жауапты шайбыны соғып, есепті теңестірумен болды. Бірақ, үшінші таймды сәтті өткізген «Авангард» 5:3 есебімен …

толық оқу»

«ҚАЙРАТ» КЛУБЫ КАРЛОС ФЕРРЕРДІ БАС БАПКЕР ҚЫЗМЕТІНЕН БОСАТТЫ

Бүгін, «Қайрат» футбол клубы бақылау кеңесінің төрағасы Қайрат Боранбаев баспасөз мәслихатында, алматылық «Қайрат» клубының бас бапкері Карлос Феррер қызметінен босатылғанын хабарлады. 43 жастағы испандық маман «Қайрат» клубын 2017-шы жылдан бері жаттықтырған еді. Бас бапкер қызметіне тағайындалған жылы Карлос Феррер «Қайрат» клубымен Қазақстан Премьер-лигасының күміс жүлдегер және Қазақстан Кубогының жеңімпазы атанған …

толық оқу»

ХАБИБ НУРМАГОМЕДОВ БОКС АҢЫЗЫ ФЛОЙД МЕЙВЕЗЕРДІ ЖЕКПЕ-ЖЕККЕ ШАҚЫРДЫ

Менеджер Дехуан Блэйк инстаграм парақшасында, Хабиб Нурмагомедовтың Флойд Мэйвезерді жекпе-жекке шақырған бейнеүндеуін жариялады. «Кеттік, Флойд! Мен жекпе-жекке шығуға дайынмын: 50-0 — 27-0-ге қарсы. Екеуміз де ешқашан жеңілмегенбіз. Неге кездеспеске? Кеттік. Джунглиде тек бір ғана патшаға орын бар. Ол патша менмін. Себебі сен Макгрегорды құлата алмадың, ал мен оны ешқандай қиындықсыз …

толық оқу»

ҰЛТТАР ЛИГАСЫ: ПОЛЬША ОЙЫННЫҢ СОҢҒЫ МИНУТТАРЫНДА ИТАЛИЯДАН ЖЕҢІЛІП ҚАЛДЫ

Ұлттар лигасының төртінші кезеңі аясында Польша құрамасы өз алаңында Италия құрамасына қарсы ойын өткізіп, 0:1 есебімен жеңіліс тапты. Хожув қаласының «Шленски» стадионында өткен ойында Польша құрамасының қақпасына соңғы 90+2-ші минутта Италия құрамасының ойыншысы Бираги гол соғып, командасын жеңіске жеткізді. Осылайша, Польша құрамасы Ұлттар лигасының А лигасынан В лигасына төмендеген алғашқы …

толық оқу»