Басты бет / Бокс / МЕКСИКАЛЫҚ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ ГОЛОВКИНМЕН КЕЗДЕСУГЕ ДАЙЫН ЕКЕНІН АЙТТЫ

МЕКСИКАЛЫҚ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ ГОЛОВКИНМЕН КЕЗДЕСУГЕ ДАЙЫН ЕКЕНІН АЙТТЫ

Мексикалық боксшы Хайме Мунгия (30-0, 25 КО), Геннадий Головкинмен (38-0-1, 34 КО) немесе Сауль Альвареспен (49-1-2, 34 КО) шаршы алаңда кездесуге дайын екендігін, кезекті рет айтты.

Қазақстан уақытымен 16-шы қыркүйек күні таңертең, Лас-Вегастағы «T-Mobile Arena»-да өтетін, Геннадий Головкин мен Сауль Альварестің қарымта жекпе-жек кешінде, бірінші жартылай салмақта WBO тұжырымы бойынша Әлем чемпионы Хайме Мунгия канадалық Брэндон Кукпен (20-1, 13 КО) кездесу өткізеді.

«Мексика елі үшін маңызды күні, мен бұндай жекпе-жек кешінде өнер көрсететініме қуаныштымын, әрі мен үшін бұл үлкен мүмкіндік. Головкинмен немесе Канеломен жекпе-жекке шығу? Әрине мен дайынмын. Иә, маған кейбір нәрселермен әлі де жұмыс жасауым керек, бірақ мен жақсырақ боламын. Менің қазіргі сәтте де Канеломен де, Головкинмен де жекпе-жекке шығуға дайынмын», — деді Мунгия.

Сондай-ақ

САУЛЬ АЛЬВАРЕС ЧЕМПИОНДЫҚ БЕЛБЕУСІЗ ҚАЛДЫ

Халықаралық бокс ұйымы (IBO) Сауль Альварестен чемпиондық белбеуді тартып алуды жөн санады. Ұйымның ресми хабарламасында …