Қыркүйектің 9-ы күні «Спорттық Алматы» бағдарламасы аясында футболдан аула командалары арасында лига өтеді, деп ақпараттық және спорттық ХАБ хабарлайды.
Жарыс «Мaxi чай» өндіретін Galanz bottlers компаниясының қолдауымен Авиатор стадионында (Майлин көшесі, 42/1) ұйымдастырылады.
Турнирге жасы 8-ден асқан кез келген ұлдар мен қыздар ақысыз түрде (тегін) қатыса алады. Ойындар олимпиадалық жүйе бойынша өтеді.
Лига жас айырмашылығы бойынша екі санатқа бөлінеді.
Бірінші «А» лигасы – 8-ден 14 жасқа дейінгі. Басталуы – 09:00-де, ал тіркелу 08:30-да.
Екінші «Б» лигасы – 15-тен жоғары жас. Басталуы – 13:00-де, тіркелу 12:30-да.
Регламентке сәйкес әр командада 8 ойыншы болуы керек.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер диплом, медаль, сыйлықтарға ие болады, сонымен қатар, аула лигасының серіктесінен «Мaxi чай» сусындары таратылады.
Аула лигасының басты мақсаты қала жастарының спортқа деген қызығушылықтарын арттырып, осы спортты дамыту болып табылады.
Қосымша ақпарат WhatsApp бойынша:
8 (777) 250 63 63 – Влад Кузнецов
8 (777) 303 23 83 – Ерлан Сартаев
DodaSport | Әлем және Қазақ спорты Спорт