Басты бет / Басқа түрлер / ГҮЛІСХАН НАХБАЕВА ШАХМАТТАН АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ЖҮЛДЕГЕРІ АТАНДЫ

ГҮЛІСХАН НАХБАЕВА ШАХМАТТАН АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ЖҮЛДЕГЕРІ АТАНДЫ

 

Шымкент қаласынан шыққан 25 жастағы қазақстандық шахматшы Гүлісхан Нахбаева Азия чемпионатында шахматтан күміс жүлде иеленді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА Қытайдағы тілшісі.

2017 жылдың 21 мамыры күні ҚХР Сычуань провинциясы Ченду қаласында аяқталған 10 күндік чемпионатқа Қытай, Үндістан, Филиппин, Вьетнам, Сингапур, Малайзия, Бангладеш, Иран, Моңғолия, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Түрікменстаннан келген 119 шахматшы қатысты.

Додаға қатысқан 50 әйелдің арасынан бірінші орынды Вьетнамнан келген спортшы Во Тхи Ким Фанг (7,5 ұпай), екінші орынды қазақстандық Гүлісхан Нахбаева (7 ұпай), үшінші орынды үндістандық шахматшы Р.Вайшали (6,5 ұпай) иеленді. Сондай-ақ, үздік шахматшылар жетілігіне қазақстандық Ринат Жұмабаев, отыздығына — Азамат Өтеғалиев енді.

inform.kz

Сурет: Lennart Ootes

Сондай-ақ

8 НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІН МЕДЕУ «СПОРТТЫҚ АЛМАТЫМЕН» АТАП ӨТЕДІ

Наурыздың 8-і күні Халықаралық әйелдер мерекесін Медеу «Спорттық Алматы» бағдарламасымен атап өтеді, деп ақпараттық және …