Алматыда наурыздың 11-і күні футболдан көптен күткен аула командалары арасындағы лига басталады, деп ақпараттық және спорттық ХАБ хабарлайды.
«Спорттық Алматы» бағдарламасы аясында өтетін шара «Нархоз» (Жандосова-55/3) университетінің стадионында өтеді. Бұл жарысқа жасы 8-ден асқан ұлдар мен қыздар қатыса алады. Басталуы 09:00-де.
Сонымен қатар, қатысушыларға «Қайрат» футзал командасының ойыншылары Игита мен Дінмұхамед Сүлейменов жақында ұтып алған «Еременко кубогын» таныстырады.
Айта кетер жайт, аула командалар арасындағы ойындар «Мaxi чай» компаниясының қолдауымен ақысыз түрде олимпиадалық жүйе бойынша өтеді. Бірінші «А» лигасына – 8-ден 14 жасқа дейінгі, ал, екінші «Б» лигасына – 15-тен жоғары жастар қатыса алады. Регламентке сәйкес әр командада 8 ойыншы болу керек.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер дипломдар мен медалдарға ие болады, сонымен қатар, аула лигасының демеушісі «Мaxi чай» компаниясының сусындары таратылады.
Аула лигасы қаладағы бұқаралық спортты дамытуға бағытталған «Спорттық Алматы» бағдарламасы аясында үшінші жыл қатарынан өткізіледі. Былтырғы маусымда шамамен 18 мың адам жинаған болатын. Оның басты мақсаты қала жастарының спортқа деген қызығушылықтарын арттырып, футбол ойының дамыту.
Өткізілетін орыны:
«Нархоз» университеті стадионы, Жандосов көшесі-55/3
Уақыты:
Лига «А» және Лига «Б» — 09:00-де.
Қосымша ақпарат:
8 (777) 250 63 63 — Влад Кузнецов
8 (777) 303 23 83 — Ерлан Сартаев
DodaSport | Әлем және Қазақ спорты Спорт