Басты бет / Қысқы спорт / ҚХЛ: «БАРЫС» — «АВАНГАРДҚА» ЕСЕ ЖІБЕРДІ

ҚХЛ: «БАРЫС» — «АВАНГАРДҚА» ЕСЕ ЖІБЕРДІ

Құрлықтық хоккей лигасының жетінші кезеңі аясында «Барыс» өз алаңында омскілік «Авангардқа» қарсы ойын өткізді.

«Барыс Арена» стадионында өткен ойында «Барыс» бірінші таймда қатарынан үш гол жіберіп алды. Кейін қалған таймда «Барыс» есепті теңестіріп, ойынды қосымша таймға жалғастырды. Ал қосымша таймда жеңімпаз анықталмағындықтан, кездесудің нәтижесі тек буллиттер сериясында белгілі болды. Өкінішке орай, буллиттер сериясында «Барыс» 3:4 есебімен «Авангардқа» есе жіберді.

«Барыс» келесі ойынын, 22-ші қыркүйек күні сырт алаңда уфалық «Салават Юлаевқа» қарсы өткізеді. Айты кететін жайт, «Барыс» сырт алаңда қатарынан 4 ойын өткізетін болады.

Сурет: Hcbarys.kz сайтынан

Сондай-ақ

ӘЛЕМНІҢ ЕҢ ҮЗДІК ТЕННИСШІЛЕРІ БЕЙЖІҢДЕГІ ДОДАҒА ҚАТЫСУДА

Бейжің қаласында жүлде қоры 3,4 миллион долларды құрайтын ашық ішкі чемпионат өтуде. Бүгін жартылай финалға …